«Kazakhstan Petrochemical Industries» ЖШС Жетекші инженер (PDH механикалық жұмыстарын жоспарлау бойынша)

«Samruk Business Academy» ЖММ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
53

   Конкурс туралы

«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС («Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.») «Атырау облысында алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенін салу» жобасының операторы болып табылады.

Компанияның стратегиялық мақсаты — тиімді және жоғары рентабельді отандық полипропилен және газ өңдеу мен мұнай-химия өнімдерінің басқа да түрлерін өндіруші болу.

Міндеттері:

  • PDH қондырғысы бойынша механикалық жабдықтың техникалық жай-күйін тексеруге, сондай-ақ жөндеу жұмыстарының сапасын бағалауға қатысу;

  • IBM Maximo жүйесінде PDH қондырғысына арналған механикалық жабдық активтерінің шаблондарын, сондай-ақ осы жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын орындау кезінде қолданылатын материалдар мен құрал-саймандардың шаблондарын әзірлеу;

  • механикалық жабдыққа қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыруды жетілдіруге, жөндеу жұмыстарының еңбек сыйымдылығы мен құнын төмендетуге, олардың сапасын жақсартуға, негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігін арттыруға (жабдықтың тозуға төзімділігін арттыру және тоқтап тұруын азайту) бағытталған іс-шараларды әзірлеу;

  • IBM Maximo жүйесінде PDH қондырғысы бойынша механикалық жабдықтың әртүрлі түрлеріне арналған перспективалық және ағымдағы жоспарларды (графиктерді) әзірлеу;

  • жабдық конструкциясын жетілдіру, жөндеу жұмыстарын және жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру мәселелері бойынша рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстарға қорытындылар беру;

  • рационализаторлар мен өнертапқыштарға практикалық көмек көрсету және қабылданған ұсыныстарды енгізуді ұйымдастыру;

  • қажетті техникалық құжаттаманы дайындаумен айналысу және белгіленген есептілікті жүргізу;

  • қосалқы бөлшектерге, материалдарға, құрал-саймандарға өтінімдер мен спецификациялар жасау;

  • жөндеу мен жабдықты пайдалану ұйымындағы озық тәжірибені жинақтау және тарату;

  • ТОРО басқару жүйесін «IBM Maximo» пайдалану дағдыларын дамыту.

    Талаптар:

  • Жоғары техникалық (механика саласында)
  • мамандық бойынша инженер-механик ретінде кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі
  • Механикалық жабдықтың техникалық сипаттамалары, конструкциялық ерекшеліктері, тағайындалуы және

    олардың техникалық пайдаланылу ережелері;

  • динамикалық және статикалық жабдықтың жұмыс істеу қағидаты;

  • еңбекті қорғау ережелері мен нормалары;

  • IBM Maximo, SAP жүйелерінің жұмысы;

  • ағылшын тілін білу (қалаулы)

    Шарттар:

  • Жұмыс кестесі 5/2;
  • Әлеуметтік пакет.

Құрметті кандидаттар, бос орынға білдірген қызығушылығыңыз үшін алғысымызды білдіреміз!

Әрбір түйіндеме мұқият қарастырылады. Егер Сізді іріктеудің келесі кезеңдеріне шақыруға дайын болсақ, 7-10 жұмыс күні ішінде міндетті түрде кері байланыс береміз.

Егер біз Сізбен хабарласпасақ, ренжімеңіз және міндетті түрде Сіздің бейініңізге, мақсаттарыңыз бен қызығушылықтарыңызға сәйкес келетін басқа да бос орындарға жауап беріңіз.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр