"Әскерилендірілген теміржол күзеті"ЖШС ӘТЖК Алматы филиалы Алматы станциясының атқыштар командасының диспетчері

269 811 - 283 480
Алматинский филиал ТОО «Военизированная железнодорожная охрана» Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
15

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Филиал директоры бекіткен ай сайынғы кестеге сәйкес тәуліктік кезекшілікке түсу;
  • Тәулік бойы келіп түскен жедел ақпаратты белгіленген нысандар мен Серіктестіктің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес жинақтауды, дайындауды және уақтылы ұсынуды жүзеге асыру;
  • Серіктестіктің филиалдарының атқыштар командаларының (топтарының), жедел ден қоюдың мобильді маневрлік топтарының (бұдан әрі – аймақаралық ЖӘЕОТ және ЖӘЕОТ), сондай-ақ тексеруді ұйымдастыру бөлімшелерінің тәуліктік нарядтарының күштері мен құралдарының орналастырылуына мониторинг жүргізу, олардың теміржол көлігінің жүктері мен стационарлық объектілерін әскерилендірілген күзетпен қамтамасыз ету, сондай-ақ көлік инфрақұрылымы объектілерінде тексеру қызметтерін көрсету бойынша қызметін бақылау;
  • Серіктестіктің бас диспетчерімен, филиалдардың диспетчерлерімен, атқыштар командаларының (топтарының), аймақаралық ЖӘЕОТ және ЖӘЕОТ тексеруді ұйымдастыру бөлімшелерінің бастықтарымен және тәуліктік нарядтармен, сондай-ақ «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ филиалдарының диспетчерлерімен (станция кезекшілерімен) және көліктегі ішкі істер органдарының жедел кезекшілерімен өзара іс-қимыл жасау;
  • Филиалдың, атқыштар командаларының (топтарының) қызмет көрсету шекараларын, тәуліктік нарядтардың қызмет атқаруын ұйымдастыру мен тәртібін, атқыштар командаларының (топтарының), аймақаралық ЖӘЕОТ және ЖӘЕОТ және тексеруді ұйымдастыру бөлімшелерінің орналасқан орындарын білу;
  • Филиал учаскелері бойынша номенклатуралық жүктердің, оның ішінде контейнерлік пойыздардың қозғалысына, «тастап кеткен» пойыздар, вагондар, бағалы жүктері бар контейнерлер туралы мәліметтерге мониторинг жүргізу және Серіктестіктің филиалы қызмет көрсететін учаскелердегі жағдай туралы жедел мәліметті қалыптастыру;
  • Күзетілетін объектілерде дайындалып жатқан немесе жасалған барлық оқиғалар мен қылмыстар, сондай-ақ теміржол көлігінде террористік акті қаупі туралы ақпарат алынған кезде, Схема мен Тізімге сәйкес Серіктестік филиалының қызметкерлерін дереу хабардар ету.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Құқықтану; Құқық; Әскери басқару; Әскери іс және қауіпсіздік; Құқық қорғау қызметі; Көлік, көлік техникасы және технологиялары (вагондар және вагон шаруашылығы); Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Теміржол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша); Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Өрт қауіпсіздігі; Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар); Көліктің энергетикалық қондырғыларын пайдалану; Локомотив және локомотив шаруашылығы; Автоматтандыру және басқару; Ақпараттық жүйелер.
  • Жұмыс өтілі: теміржол көлігіндегі күзет қызметін ұйымдастыру саласында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі болуы, оның ішінде аға күзетші, күзетші (көмекші), күзетші лауазымдарында жұмыс тәжірибесі.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр