«Қаражанбас» НПС а/м жүргізушісі

«ҚазТрансОйл» АҚ Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
40

Қаралған саны:
412

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1) ауысымды қабылдау және тапсыруға байланысты жұмыстарды орындау, жұмысқа уақтылы дайындалу және өз жұмыс орнын, жабдықты, құрал-саймандарды, саймандар мен бейімдемелерді жинастыру және оларды тиісті күйде ұстау. Жұмыстарды тек тікелей жұмыс жетекшісі берген тапсырмаға (өкімге) сәйкес және сол көлемде ғана орындайды, орындалған жұмыс туралы тікелей жетекшісін хабардар ету. Егер жоқ болса (ауру, демалыс) немесе мемлекеттік міндеттерге тартылса, автоколонна бастығына хабарлау, бекітілген автокөлікке қатысты кілттерді және қажетті құжаттаманы тапсыру;

    2) жұмыс орнын таза ұстау, жеке және ұжымдық қорғану құралдарын дұрыс пайдалану және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бейімдемелерді қолдану. Арнайы киімді және басқа да қорғану құралдарын қолдану, еңбекті қауіпсіз тәсілдермен орындау;

    3) жұмыстарды қауіпсіз әдістермен және тәсілдермен орындауға оқытудан өту, қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша нұсқама алу, жұмыс орнында тағылымдамадан өту және қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша білімін тексеру. Міндетті алдын ала (жұмысқа қабылданған кезде) және мерзімді (еңбек қызметі барысында) медициналық тексерулерден (қарап-тексеруден) өту;

    4) нақты тапсырма алғаннан кейін ғана жұмысқа кірісу. Жұмысты бастамас бұрын жұмыс орнын тексеру, қорғану құралдарының, бейімдемелердің, қоршау құрылғыларының, құралдың, бақылау және қауіпсіздік аспаптарының, еңбек заттарының бар-жоғын, толықтығын және жарамдылығын тексеру; тапсырылған жұмысты қауіпсіз орындау мүмкіндігі тұрғысынан анықталған кемшіліктерді жою және оларды жою мүмкін болмаған жағдайда тікелей жетекшісіне хабарлау. Бауапты ЖТҚ (ИТР) болмаса қауіптілігі жоғары жұмыстарды бастамау және орындамау, наряд-рұқсаттар және жазбаша от жұмыстарын орындауға рұқсаттар бойынша газқауіпті жұмыстарды орындамау;

    5) өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға туралы немесе денсаулығының нашарлауына (соның ішінде кәсіптік аурудың (уланудың) белгілері байқалғаны туралы) дереу тікелей жұмыс жетекшісіне не өндірістік объектінің жетекшісіне хабарлау. Төтенше жағдайдың дамуын шектеу және оны аварияны жою жоспары бойынша жою үшін қажетті шараларды қабылдау.

    6) еңбек міндеттерін орындауына байланысты оған белгілі болған заңмен қорғалатын қызметтік, коммерциялық немесе өзге де құпия мәліметтерді жария етпеу;

    7) жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын, жол қозғалысы ережелерін, жабдықты пайдалану, өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын білу және сақтау. Еңбек тәртібін және ішкі еңбек тәртіп ережелерін сақтау;

    8) жобалық параметрлер мен жабдықты пайдалану және технологиялық процестердің режимдерінен белгіленген бұзушылықтар мен ауытқулар анықталған жағдайда олар туралы дереу тікелей жетекшіні хабардар ету, аварияларды жою жоспарына көзделген шараларды қабылдау және әрекеттерді орындау;

    9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерінің және жұмыс берушінің еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, жол қозғалысы қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, санитария және гигиена бойынша актілерінің талаптарын орындау;

Талаптар:

  • Осы лауазымға үміткерге қойылатын міндетті талап — B, B1, C, C1, D санаттарының жүргізуші куәлігінің болуы.

Шарттар:

  • Конкурс негізінен Маңғыстау облысының тұрғындары арасында өткізіледі. Жергілікті еңбек нарығында лайықты үміткерлер болмаған жағдайда екінші кезекте басқа өңірлерден келген үміткерлер қарастырылады.