Астана жөндеу-пайдалану учаскесінің Көлік қызметінің жеңіл автокөлік жүргізушісі

«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Қарағанды» магистральдық газ құбырлары басқармасы Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Қызметкер болмаған кезде, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
18

   Конкурс туралы

Міндеттері:

Жеңіл автомобиль жүргізушісі келесі міндеттерді орындайды:

  • автокөлік және арнайы техниканың (АТжАТ) күнделікті техникалық тексерісін жүргізеді;
  • АТжАТ-қа техникалық қызмет көрсету (ТО-1, ТО-2) жұмыстарына қатысады;
  • ағымдағы жөндеу барысында АТжАТ-ты жөндеу жұмыстарына қатысып, техникалық жай-күйіне қайта тексеру жүргізеді;
  • қажетті өлшеулерді жүргізеді, аспаптар мен датчиктердің көрсеткіштерін бақылайды. Жұмыс барысында ақаулар анықталған жағдайда, АТжАТ-тың бұзылуына жол бермеу үшін жұмысты дереу тоқтатып, ақауларды жоюға кіріседі;
  • АТжАТ-ты жөндеу жұмыстарына қатысады;
  • АТжАТ-ты пайдалану кезінде желіге шығуын қамтамасыз етеді, көлік құралының сақталуын және техникалық жарамды күйде болуын қадағалайды;
  • АТжАТ түріне қарай көлік құралын пайдалануға шығарады, желіде жұмыс барысында туындаған, механизмдерді бөлшектеуді қажет етпейтін ұсақ ақауларды жояды;
  • жол парақтарын алады, міндетті медициналық тексеруден өтеді, арнайы автокөлікке техникалық тексеріс жүргізеді, жанар-жағармай материалдарын (ЖЖМ) және ЖЖМ талондарын алады, аяқталмаған жұмыстар туралы ауызша есеп береді.

Талаптар:

Біліміне қойылатын талаптар:

  • жалпы орта білім;
  • тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі;
  • бекітілген көлік құралының түрін басқаруға рұқсаты болуы.

Жұмыс тәжірибесі:

  • мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.