Негізгі локомотив депо кезекшісі (аға)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
Депо кезекшілері (ауыстыру пункттері) жүргізетін ТУ-1 үстел журналының дұрыс жүргізілуін, сондай-ақ АСУЭММ деректерін уақтылы енгізуді бақылау.
Депо кезекшісінің ПТОЛ өндірістік учаскесі және резервтік локомотив бригадалары қызметкерлерімен өзара іс-қимылын бақылау.
Депо кезекшілерінің келіп түскен барлық телеграфтық нұсқауларымен, бұйрықтарымен, факсограммаларымен таныстыруы.
Депо кезекшілерінің бірін-бірі ауыстырған кезде, яғни ауысымға кіріскен депо кезекшісінің барлық кіріс телеграммалармен және нұсқаулармен танысқанын бақылау.
Депо кезекшілері және ауыстыру пункттері арқылы локомотивтерді жолаушылар поездарына бекіту кестесінің орындалуын бақылайды. Кесте бұзылған жағдайда, кестені қалпына келтіру бойынша жедел шаралар қабылдайды.
Локомотив бригадаларының жұмысқа уақтылы келуін бақылау.
Қызметкерлердің ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі медициналық тексерістен өтуін бақылауды жүргізу.
Біліктілік талаптары:
Білімі: жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі)
Сала бойынша мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (локомотивтер және локомотив шаруашылығы); Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлік пайдалану (теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару) Жұмыс тәжірибесі: депо кезекшісі ретінде кемінде 2 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр