жол шебері-жол бапкері

581 000 - 600 000
Мангыстауская дистанция пути Маңғыстау облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
39

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Поездардың қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақаулар анықталған жағдайда, жолдың немесе құрылыстардың нақты жағдайына сәйкес жылдамдықты реттейді (поездардың қозғалыс жылдамдығын шектейді немесе учаскені қозғалыс үшін жабады), белгіленген тәртіппен пойыз диспетчеріне, станция кезекшісіне, ПЧ диспетчеріне баяндап, ақауларды жою бойынша шұғыл шаралар қабылдайды.

Учаске технигіне, жол монтерлеріне, жол қараушыларға, теміржол өткелдерінің кезекшілеріне және басқа жұмысшыларға еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария бойынша нұсқама жүргізеді, жұмысшылар мен бригадаларды жұмыс орындарында жұмыстарды тиімді орындау тәсілдеріне үйретеді.

Қызмет көрсетілетін учаске шегінде жол мен жасанды құрылыстарды ақаусыз күйде ұстап, поездардың қауіпсіз және үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында жол монтерлеріне, жол қараушыларға, өткел кезекшілеріне және басқа жұмысшыларға басшылық етеді, ай сайын теміржол өткелдерінен өту ережелері және теміржол төсеміне жақын жерлерде мал жаю және айдау ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Жолды және жол құрылғыларын қысқы жағдайларда пайдалануға дайындау жұмыстарын ұйымдастырады, қармен (құммен) күресу, пучиналармен күресу, сондай-ақ көктемгі және нөсер суларының өтуіне жол мен жасанды құрылыстарды дайындау шараларын орындайды.

Өзіне бекітілген өндірістік учаскеде жол жұмыстарын тікелей ұйымдастырады, басшылық нұсқаулықтардың (435-ЦЗ және т.б.) талаптарын сақтайды, жол монтерлерін еңбектің жоғары өнімді әдістеріне, жұмыстарды дұрыс жүргізуге, механизмдерге, құрал-саймандарға ұқыпты қарауға, материалдарды үнемді әрі тиімді пайдалануға үйретеді, орындалатын жұмыстардың жоғары сапасына қол жеткізеді.

Жолды жоспарлы-алдын алу түзету және ағымдағы күтіп ұстау жұмыстарын жоспарлайды және ұйымдастырады, төтенше жағдайларды жою бойынша жедел шаралар қабылдайды (өткір ақаулы рельсті ауыстыру, жоспардан тыс изостыкты қайта құрастыру және т.б.).

Біліктілік талаптары:

  • Білімі:  орта  (техникалық және кәсіптік )
  • Мамандығы: Теміржол, жол және жол құрылыстары құрылысы. Тасымалдауды ұйымдастыру , Теміржол көлігі, Көліктегі тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару.
  • Жұмыс тәжірибесі : кемінде 1 жыл.

Қосымша талаптар:

Жолды өлшеу шеберлерінің өлшеу нәтижелері, жылдық жоспар көлемдері және жол диагностикасының басқа да құралдары (жол өлшеу вагоны, МДК, дефектоскоптық арба және т.б.) негізінде жол жұмыстарына арналған наряд-тапсырмаларды қалыптастыруға қатысады.

Қызмет көрсету шегінде жол құрылыстары мен жол құрылғылары кешеніне жүйелі бақылау және қадағалау жүргізеді, олардың поездардың қауіпсіз және үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ететін күйде болуын қамтамасыз етеді.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж