Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары қызметінің 4-разрядты операторы

Ақбастау БК АҚ Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
99

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Тікелей басшының (тікелей басшының міндетін атқарушы тұлғаның) бұйрықтарын, өкімдерін және нұсқауларын уақтылы орындау. Еңбек тәртібін және Қоғамның ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтау. Реагенттердің, материалдардың және энергия ресурстарының шығыс нормаларын бақылауға қатысу. Өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру, өндірістік процестерді механикаландыру және автоматтандыру, ақаулардың алдын алу және шығарылатын өнім сапасын арттыру, барлық ресурс түрлерін үнемдеу, еңбекті ұйымдастырудың озық нысандарын енгізу, жұмыс орындарын аттестаттау және ұтымды ұйымдастыру, еңбек өнімділігін арттыру және өндіріс шығындарын төмендету резервтерін пайдалану жөніндегі жұмыстарға қатысу. Басқа құрылымдық бөлімшелердің өкілдерімен байланыс орнату және өзара әрекеттесуді жүзеге асыру. ЖҚЖ қызметінің өндірістік қызметі бойынша бастапқы құжаттаманы жүргізу. Реагенттердің шығыс нормаларын қысқарту, өзіндік құнын төмендету және технологиялық процесті басқаруды оңтайландыру жолдарын іздеу жұмыстарына қатысу. Тікелей басшының, Бас директордың, сондай-ақ қажет болған жағдайда жедел, өндірістік және басқа да кеңестер мен Қоғам басшыларының жеке тапсырмалары мен қойылған міндеттерін уақтылы орындау. Өз құзыреті шегінде қызметкердің еңбек қызметіне қатысты жұмыс берушінің актілерін, саясаттарын, ережелерін, нұсқаулықтарын және Қоғамның басқа да құжаттарын сақтау.

Білім:

Жалпы орта білім негізіндегі техникалық және кәсіптік білім; ЖҚЖ (жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары) операторы, ГТП, ҚУ (ПМБУ) машинистерін даярлау курстарынан өткен болуы; «Химиялық технология және өндіріс», «Металлургия», «Гидрометаллургия», «Пайдалы қазбаларды байыту», «Химия», «Сирек жер элементтерінің технологиясы», «Тау-кен ісі» немесе басқа техникалық мамандық бойынша білім.

Дағдылар:

-

Қосымша:

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары (ЖҚЖ) процестерінің техникасы мен технологиясын ЖҚЖ қызметінің өндірістік қызметіне қатысты бастапқы құжаттаманы ресімдеу тәртібін білу. ЖҚЖ қызметінің өндірістік-шаруашылық қызметінің нысандары мен әдістерін білу: еңбекке ақы төлеудің қолданыстағы ережелері мен материалдық ынталандыру нысандары; экономика, еңбекті ұйымдастыру, өндірісті ұйымдастыру және басқару негіздері. Апаттық режимде жұмыс істеу кезінде немесе жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары барысында жабдықтың техникалық және конструктивтік параметрлерін білу. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысқа жарамдылығын көзбен бағалау тәсілдері мен әдістерін білу.

Білетін тілдер:

Қазақ тілі

Қажетті қабілеттер

  • -