"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Көп функционалды қызмет көрсету орталығы" филиалының корпоративтік қаржыландыру тобының бас менеджері (18 грейд)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Кредиторлармен мандаттық хаттардың талаптарын келіседі және оларға қол қояды;
- Компания мен кредиторлар арасында несиелік шарттарды жасасу процесін ұйымдастырады және шарттың күшіне енуіне дейінгі талаптарды орындау үшін қажетті құжаттардың уақтылы ұсынылуын қадағалайды;
- «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың Кредиттік комитетіне, Басқармасына және Директорлар кеңесіне, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ-тың Инвестициялық және стратегиялық комитетіне материалдарды дайындау мен ұсынуды ұйымдастырады;
- процестік агенттерді тартуды ұйымдастырады;
- банктермен эскроу-шот шарттарының талаптарын келіседі;
- инвесторлармен және Компанияның құрылымдық бөлімшелерімен облигациялық бағдарлама проспектісін келісуді үйлестіреді;
- облигацияларды шығару проспектілерін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде (ҚНРДА), сондай-ақ KASE, LSE және AIX биржаларында келісу және тіркеу жұмыстарын ұйымдастырады;
- қарыз тартуға байланысты қаржы институттарының өкілдерімен қосымша кешенді тексеру (due diligence) рәсімдерін жүргізеді;
- әлеуетті кеңесшілерге ұсыныстар сұрату (RFP) құжаттарын дайындайды және жолдайды.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: Жоғары;
- Мамандығы: Экономика, Менеджмент, Қаржы, Есеп және аудит; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі), Математикалық және компьютерлік модельдеу, Математика, Мемлекеттік және жергілікті басқару.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл.
- Ағылшын тілін білу.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар