«ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС Алтынкөл станциясы - «Алматы» филиалының халықаралық есептеулері бойынша 1 санатты инженер-технолог
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Қажеттілігіне қарай салмақ тексеру вагондарын, қар тазалағыштарды және қалпына келтіру поездарын беруді қамтамасыз етеді;
- Вагондық және есептік ведомостерді толтырудың дұрыстығын және дәлдігін тексереді;
- Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің, сондай-ақ филиал басшылығының қолданыстағы нұсқаулықтарын, нұсқаулары мен бұйрықтарын нақты және уақтылы орындайды;
- Тараптар жылына екі рет (сәуір және қазан айларында) ұсынатын бақылау-таразы вагондарының вагондық және вагондық-есептік ведомостарын қабылдайды және салыстырып тексереді;
- ИНУ-1а нысанды вагон ведомостарын қабылдайды және толтырудың дұрыстығын тексереді (ШҚШ вагондарын тапсыруға).
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; Темір жол көлігіндегі жүк және коммерциялық жұмыс;
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 1 жыл, оның ішінде: инженер-технолог/жүк жұмысы жөніндегі станция диспетчері, тауар кассирі, жүк және багажды қабылдап-тапсырушы, тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор лауазымдарында.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр