«ҚТЖ» ҰК» АҚ- «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» филиалының техникалық бөлімінің жетекші инженері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттері:
- Өрт сөндіру пойыздары мен өрт сөндіру бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі бөлімше штабының жұмысына қатысады, өрттерді сөндіру барысына бақылау жүргізеді.
- Қалпына келтіру пойыздарының, өрт сөндіру пойыздарының және өрт сөндіру бекеттерінің техникамен және жылжымалы құраммен жарақтандырылуын, оларды ағымдағы күтіп ұстау мен пайдаланылуын бақылау жұмыстарын жүргізеді.
- Өрт қауіпсіздігі, өрт автоматикасымен, бастапқы өрт сөндіру құралдарымен және өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерімен қамтамасыз ету мәселелері бойынша желілік бөлімше басшыларын бөлімше басшылығының қарауына шығару үшін қажетті материалдарды дайындауды ұйымдастырады.
- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар департаменттерінің (ҚР ТЖМ ТЖД) аумақтық органдарымен өрттерді сөндіруге күштер мен құралдарды тарту тәртібін айқындау және өзара іс-қимылды ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді және басқа да міндеттерді орындайды.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім).
- Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және пайдалану; Машина жасау; Көлік құрылысы (теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); Автоматтандыру және басқару (теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс); Электр энергетикасы; Логистика; Стандарттау, сертификаттау және метрология және/немесе теміржол саласының мамандықтары.
- Жұмыс тәжірибесі: талап етілмейді.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман