«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» филиалының жылжымалы құрам және механикаландыру бөлімінің бастығы

от 596 403
Актобинское отделение магистральной сети Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
58

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:

  • Автомобиль-трактор техникасын, шағын механикаландыру құралдарын, станок жабдықтарын, машиналар мен механизмдердің негізгі жұмыс органдарын, күштік агрегаттар мен электр машиналарын күрделі жөндеудің жылдық жоспарларына мониторинг жүргізеді, оларды келіседі және орындалуына бақылау жасайды.
  • Жол машиналарын, мамандандырылған жылжымалы құрамды, автомобиль-трактор техникасын, шағын механикаландыру құралдары мен станок жабдықтарын жөндеуге қажетті материалдар мен қосалқы бөлшектерді сатып алуға берілетін өтінімдерге мониторинг жүргізеді және келіседі.
  • Жол машиналарының, мамандандырылған жылжымалы құрамның және вагондардың пайдалану мерзімін ұзарту мәселелерін қарайды.
  • Департамент жетекшілік ететін бағыттар бойынша қосалқы бөлшектер мен материалдарға нормативтік қажеттілік есептерін қарайды және келіседі, сондай-ақ олардың тиімді пайдаланылуына бақылау жасайды және басқа да міндеттерді орындайды.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім).
  • Мамандығы: Құрылыс (теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы; Көпірлер және көлік тоннельдері); Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Көтергіш-көліктік, құрылыс және жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану; Тасымалдауды ұйымдастыру, көлік қозғалысы және оны пайдалану.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бағыты бойынша кемінде 3 жыл, оның ішінде қызмет бағыты бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 1 жыл№

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман