«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Қандыағаш станциясының (сыныптан тыс) инженері (технологы)

от 410 783
Актобинское отделение магистральной сети Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
66

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:
  • Станция жұмысының технологиялық процесін, оған енгізілетін толықтыруларды, станцияның техникалық-өкімдік актісін (ТӨА), оған қосымшаларды, коммерциялық қауіпсіздік пункті жұмысының технологиялық процесін әзірлеуге және жасауға қатысады, олардың енгізілуі мен жетілдірілуіне бақылау жүргізеді.
  • Жұмыс орындарының станцияның техникалық-өкімдік актісінен (ТӨА) үзінді көшірмелермен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады.
  • Қауіпті жүктер бойынша жергілікті нұсқаулықтарды, сондай-ақ маневрлік жұмысты ұйымдастыру жөніндегі жергілікті нұсқаулықтарды әзірлеуге қатысады.
  • Станцияның техникалық-өкімдік актісінің (ТӨА) және оған қосымшалардың қолданыстағы техникалық жарақтандыруға, Теміржолды техникалық пайдалану қағидаларының (ТПҚ), Пойыздар қозғалысы және маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықтың (ПҚН), Теміржол сигнализациясы жөніндегі нұсқаулықтың (ТСН) талаптарына сәйкестігін тексереді және басқа да міндеттерді орындайды.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) / орта (техникалық және кәсіптік).
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; Теміржол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша).
  • Жұмыс тәжірибесі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болған жағдайда – келесі лауазымдарда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс: маневрлік (станциялық) диспетчер, станция кезекшісі, орталықтандырудың станциялық постының кезекшісі, парк кезекшісі, сұрыптау дөңесінің кезекшісі. Орта (техникалық және кәсіптік) білімі болған жағдайда – келесі лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс: маневрлік (станциялық) диспетчер, станция кезекшісі, орталықтандырудың станциялық постының кезекшісі, парк кезекшісі, сұрыптау дөңесінің кезекшісі.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж