«KTZ Express» АҚ филиалы – «KTZE Батыс» жұмыс паркін есепке алу және тапсырыстарды орындау бөлімінің бастығы

от 561 449
филиал АО «KTZ Express» - «KTZE Западный» Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
6

Қаралған саны:
105

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Вагондар мен контейнерлерді (жеке меншік, жалға алынған) және контейнерлік пойыздарды жөнелту, ілгерілету бойынша жедел қызметті жеткізу мерзімдерін сақтай отырып жүзеге асырады, филиалға келіп түскен вагондар мен контейнерлердің көлемін және олардың айналымын бақылайды;
  • Вагондық/контейнерлік тасымалдарды ұйымдастыруды, қалыптастыруды және маршруттауды жүзеге асырады;
  • ҚХР бағыты бойынша ТМТМ жобасы шеңберінде Ақтау портына келіп түсетін фитингтік платформалар мен қолда бар және жолдағы контейнерлер паркін басқаруды бақылайды, контейнерлер мен контейнерлік пойыздардың тұрып қалу жағдайларын болдырмайды;
  • Батыс өңір бойынша вагондар/контейнерлердің орналасуы туралы күнделікті есепті жүргізеді;
  • Жиынтық кестеге сәйкес Ақтау порты бойынша жедел деректердің орындалуын және дайындалуын қамтамасыз етеді.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Логистика; Тасымалдау, қозғалысты және көлікті пайдалануды ұйымдастыру; Менеджмент; Маркетинг; Халықаралық қатынастар; Құқықтану; Халықаралық құқық; Автоматтандыру және басқару және/немесе теміржол мамандықтары.
  • Жұмыс тәжірбиесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 1 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр