Шар айналым депосының локомотив бригадаларының аға жасақшысы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
14.1 Еңбек және орындаушылық тәртіпті, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын және жұмыс режимін сақтау.
14.2 Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелеріне ағымдағы айдың 5-іне дейінгі мерзімде келесі есептерді ұсыну:
1) 2 сағаттан астам
2) локомотивтік бригадалардың сағат өңделімі (выработка)
3) локомотивтік бригадалардың артық демалысы (переотдых)
4) УТО-5
5) локомотивтік бригадаларды тиімсіз пайдалану бойынша
6) табельдер, үлгілер (ТЧДН)
7) локомотивтік бригадалардың сағаттарын салыстыру
14.3 Басшылықтың тапсырмаларын орындау.
14.4 Қоғам белгілеген іскерлік әдеп пен корпоративтік мәдениет нормаларын сақтау.
14.5 Қазақстан Республикасы заңнамасының, мемлекеттік органдар актілерінің және Серіктестік қызметіне қатысты басқа да құжаттардың нормалары мен талаптарын сақтау.
14.6 Жұмыс орнында еңбекті қорғау мен қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтау.
14.7 Қызмет аясы бойынша құжаттаманы жүргізу, Іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жобаларды, хаттарды, жоспарларды, есептерді келісу.
14.8 Локомотивтік бригадалардың барлық нарядшыларының қызметіне басшылық ету.
Ауысымдық локомотивтік бригадаларының жасақшыларының еңбек және демалыс режимін сақтауын; сағаттарды уақтылы реттеуді және жасақшының локомотивтік бригадаларға демалыс күндерін беруін; сағат өңделімінің алшақтығы 12 сағаттан асып кетуіне жол бермеуді бақылау.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: Жоғарғы, арнайы орта білім
- Мамандығы: Транспорт, транспорттық техника және технологиялар; Теміржолдағы тасымалдауды ұйымдастыру;
- Жұмыс өтілі: 3 жылдан кем емес.
Қосымша талаптар:
14.9 Депо және ауыстыру пункттері бойынша кезекшілер арқылы локомотивтерді жолаушылар пойыздарының астына тіркеу графигінің орындалуын тәулік сайын бақылауды қамтамасыз ету. Ол бұзылған жағдайда, графикті қалпына келтіру бойынша жедел шаралар қабылдау.
14.10 Бекітілген демалыс графигіне сәйкес локомотивтік бригадаларды кезекті еңбек демалысына жіберу.
14.11 Локомотивтік бригадаларды бекіту журналын, жұмысқа келген сәттен бастап 2 сағаттан астам уақыт өткен соң локомотивтік бригаданың пойыздармен жөнелтілуін бақылауды жүргізу.
14.12 Локомотивтік бригадаларға демалыс күндерін беру графиктерін жасау.
14.13 Машинист маршрутының дұрыс толтырылуын бақылауды жүзеге асыру.
14.14 Локомотивтік бригадалардың еңбек және демалыс режиміне бақылау жүргізу.
14.5 Жасалған графикке сәйкес локомотивтік бригада жасақшылармен техникалық сабақтар өткізу.
14.16 Серіктестік, Филиал және депо басшылығы үшін қажетті жедел құжаттаманы құрастыру.
14.17 Қажетті құжаттар мен материалдарды ұсына отырып, пойыздық және маневрлік жұмыс графигінің бұзылу жағдайлары бойынша жедел кеңестерге қатысу.
14.18 Локомотивтік бригадалармен техникалық сабақтар өткізу.
14.19 АЖ (АСУ) автоматтандырылған жүйесіне деректердің уақтылы және шынайы енгізілуіне тұрақты бақылауды қамтамасыз ету.
14.20 Халықаралық стандарттар жүйесі құжаттарының талаптарын орындау:
* ҚР СТ ISO 9001:2009 (ISO 9001:2009) «Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар»
* ҚР СТ OHSAS 18001:2008 (OHSAS 18001:2007) «Кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық менеджменті жүйесі. Талаптар»
* ҚР СТ ISO 14001-2006 (ISO 14001:2004) «Экологиялық менеджмент жүйесі. Талаптар және қолдану бойынша нұсқаулық»
* ҚР СТ ISO 50001-2012 (ISO 50001:2011) «Энергетикалық менеджмент жүйесі. Талаптар және қолдану бойынша нұсқаулық»
14.21 Қолданыстағы нұсқаулықтарды, телеграфтық нұсқауларды, бұйрықтарды орындау: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, «ҚТЖ - Жүк тасымалы» ЖШС-нің, филиал басшылығының қолданыстағы нұсқаулықтарды, телеграфтық нұсқауларды, бұйрықтарды орындау.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Колледж