Электр станциясы электр цехының ауысым бастығы (ГТ-ЖЭО)

«Алматы электр станциялары» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Ішкі іздеу
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
65

   Конкурс туралы

Міндеттері:

ГТ-ЖЭО электр цехының персоналымен «Энергетикалық ұйымдардағы персоналмен жұмыс істеу ережелеріне» сәйкес жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді;

Персоналдың немесе жабдықтың жұмысында анықталған кемшіліктерді дереу жою бойынша шаралар қабылдайды;

Жөндеу персоналын, өндірістік зертхананың персоналын және мердігер ұйымдардың персоналын нарядтар мен өкімдер бойынша жұмыстарға жіберуді (допуск) жүзеге асырады;

Басты сұлбада ауыстырып-қосуларды жүргізеді және ГТ ЖЭО өз мұқтаждарының сұлбаларындағы ауыстырып-қосуларды бақылайды;

Осы ауысымға бекітілген учаскелердегі қорғаныс құралдары мен саймандардың дұрыс күйін қадағалайды және ақаулы немесе сынақ мерзімі өтіп кеткендерін уақтылы ауыстыруды қамтамасыз етеді;

Жедел құжаттаманы жүргізеді және оны бағынышты персоналдың жүргізуін бақылайды;

Жабдықтың сенімділігі мен тиімділігін арттыруға байланысты талдау жүргізеді және іс-шаралар әзірлейді. Дайындықты басқарады және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды жүргізуге қатысады.

Талаптар:

Техникалық жоғары білім және энергетика саласында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі немесе энергетика саласындағы техникалық орта білім және энергетика саласында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

Шарттар:

дс-жм
08.00-17.00
жеткізу (тасымал)
тамақ

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)