ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі бас менеджер
600 000 - 900 000 KZT
«Қазақстан – Қытай Құбыры» ЖШС Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- ақпараттық қауіпсіздіктің кешенді қорғалу талаптарына сәйкес келетін қауіпсіз ақпараттық технологияларды құру жөніндегі жұмыстарға қатысады;
- КҚ (ИБ) саласындағы ықтимал қауіптерді, бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етудегі осалдықтарды айқындайды және компьютерлік шабуыл қауіптерімен байланысты тәуекелдерді бағалайды;
- желі инфрақұрылымында желілік белсенділікті мониторингтеу және талдауды жүзеге асырады, желінің қорғалу деңгейін талдайды, КҚ (ИБ) инциденттерін және оларға алғышарттарды бақылайды;
- ақпараттың ықтимал ағып кету арналары туралы материалдарды жинауды және талдауды ұйымдастырады, оның ішінде техникалық арналар бойынша, ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету жұмыстары кезінде;
- КҚ (ИБ) деңгейін бағалауды және техникалық аудит әдісімен ИБ талаптарының орындалуына сараптама жүргізеді, сондай-ақ техникалық құралдар мен ақпараттық жүйелердің қорғалу дәрежесі туралы актілерді және басқа да техникалық құжаттаманы жасау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады
- ақпаратты қорғау жүйелерін жетілдіру және олардың тиімділігін арттыру саласындағы ақпараттық жүйелерге тәжірибелік-өнеркәсіптік және пилоттық сынақтар жүргізеді;
- ақпаратты қорғау бойынша нормативтік талаптардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;
- ақпарат тасымалдағыштарын, коммуникацияларды қорғау және ақпараттық-басқару жүйелерін ақау немесе істен шығудан кейін қалпына келтіру рәсімдерін әзірлейді және өзектендіреді;
- ақпаратты қорғаудың кешенді қорғалу талаптарына сәйкес келетін қауіпсіз ақпараттық технологияларды құру жөніндегі жұмыстың техникалық тапсырмаларын, мақсаттары мен міндеттерін әзірлеуді қамтамасыз етеді;
- жүргізілетін ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды үйлестіруді қамтамасыз етеді, әдістемелік және нормативтік материалдарды әзірлеуге қатысады және ақпаратты қорғау, технико-экономикалық тиімділікті бағалау бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде қажетті әдістемелік көмек көрсетеді;
- сатып алынатын ИБ құралдарына техникалық спецификацияны, тендерлік құжаттаманы әзірлейді
Талаптар:
- Ақпараттық қауіпсіздік / Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар / Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша) мамандығы бойынша жоғары білім (бакалавриат, мамандану);
- Кәсіби салада (ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету) кемінде 3 жыл тәжірибе;
- Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілері мен стандарттарын білу.
Шарттар:
- Жұмыс күні 8:30-ден 18:30-ға дейін, түскі ас 12:30-ден 14:00-ге дейін;
- 30 күнтізбелік күн демалыс;
- Әлеуметтік пакет (ДМС, жеткізу, мемлекеттік мерекелерге бонустар, Рахат-фитнеске абонемент, демалысқа және мерейтойлық күндерге материалдық көмек);
- KPI нәтижелеріне қарай мотивация;
- Лауазымдық оклад + айнымалы бөлік.
Қажетті қабілеттер
- Защита информации
- - Информационная безопасность
- - Анализ и контроль инцидентов информационной безопасности
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр