4-ші разрядты газэлектр дәнекерлеушісі

«Инкай» БК» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
108

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

• ГТА құрылыс жөніндегі шебер берген ауысымдық тапсырмаларды орындау; • Еңбек тәртібін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі ережелер мен нормаларды сақтау;• Компанияның барлық саясаты мен рәсімдерін, сондай-ақ ішкі еңбек тәртібі мен кәсіби этика мен эстетика ережелерін орындау;• Жұмыстарды орындау кезінде пайдаланылатын жабдық үшін материалдық жауапкершілікке ие болу;• Электр жабдықтарын пайдалану қағидаларын сақтау;• Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге геотехнологиялық блокты дайындау жөніндегі жұмыстарға қатысу;• Геотехнологиялық блоктарда құрылыс және монтаждау кезінде негізгі және қосалқы жұмыстарды орындау;• Тораптарды және басқа материалдарды монтаждауға дайындау;• Дәнекерлеу жұмыстарын орындау үшін материалдар мен жабдықтарды жинақтау;• Әртүрлі материалдармен газ және электр дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу; • Дәнекерлеу жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету; • Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде материалдардың жұмсалуына жауапкершілік және бақылау; • Беріктігін қажетті тексерумен дәнекерлеу жұмыстарын орындау;• Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу әдістері мен технологиясын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу;• Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылатын жабдықтың техникалық жарамды жай күйін қадағалау;• Қол құралдары мен электр құралдарының жарамды күйін қадағалау;• Тиеу-түсіру жұмыстарына қатысу;• Жұмыстарды жүргізу аумағын жинауды жүргізу;• ГТА құрылысы жөніндегі шебердің басқа да тапсырмаларын орындау; • Компанияның сеніп тапсырылған көлік құралдарын басқару: НЅ-25 нұсқаулығына, ҚР Жол жүрісі қағидаларына және қауіпсіз жүргізу жөніндегі ҚР өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес;• Қауіпсіздік белдіктерінің болуын және қозғалыс кезінде барлық жолаушылардың қауіпсіздік белдіктерін пайдалануын бақылауды міндетті түрде жүргізу;• Төтенше жағдайларды қоспағанда, Компания жұмыскерлері болып табылмайтын жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асырмау; • ҚР Жол қозғалысы ережесіне сәйкес көлік құралының толық жабдықталуына бақылау жүргізу (алғашқы медициналық көмек қобдишасы, апаттық белгі және т. б.); • Өзімен бірге осы санаттағы көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігі (уақытша рұқсаты) жоқ немесе жол (маршруттық) парағында көрсетілмеген жұмыскерлерге көлік құралын басқаруға беруге тыйым салуды сақтау;• Жұмыс істемейтін тежегіш жүйесі немесе рульдік басқаруы бар, тәуліктің қараңғы уақытында жолдарда жасанды жарықтандырусыз немесе жеткіліксіз көріну жағдайында - жанбайтын (жоқ) фаралармен және (немесе) артқы габариттік шамдармен, жаңбыр немесе қар жауған кезде-жүргізуші тарапынан ақаулы шыны тазалағышы бар көлік құралының қозғалысын жүзеге асыруға тыйым салуды сақтау;• Жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтауға көмек көрсету;• Тікелей бастығы, Бас директордың, және қажетінше жедел, өндірістік, өзге кеңестердің және Компанияның басқа басшыларының жеке тапсырмалары мен қойылған міндеттерін өз уақытында орындау;• Өз құзыреті аясында жеке басының жұмыс беруші актілерін, саясаттар, ережелер, нұсқаулықтар және жұмыскердің еңбек қызметіне қатысты Компанияның басқа құжаттарын орындауын қамтамасыз ету;• Еңбек, ұжымдық шарттар, осы лауазымдық нұсқаулық, жұмыс беруші актілері және де Компанияның өзге бақыланатын құжаттарына сәйкес қойылған мақсаттарды, еңбек міндеттерін адал, уақтылы және сапалы орындау (тиісті көлемде және мерзімінде орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, немесе сұрақтар туындаған жағдайда жұмыскер тікелей бастығына хабарлауы тиіс және қажет болса, міндеттердің, тапсырмалардың және т.б. орындау мерзімін создыруға тиіс).• Еңбек шартын бұзу/тоқтату барысында Компанияға тиесілі құжаттар, материалдар және т.б. меншікті еңбек шарты талаптарына сәйкес және бекітілген тәртіпте тапсыру (қажет болған жағдайда).• Компанияның Бас директорына және/немесе Компаленс жөніндегі офицеріне және/немесе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ң «Жедел желісіне» дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық туралы кез келген ақпаратты хабарлау.• Тікелей басшыға 4-ші разрядты газэлектр дәнекерлеушісінің лауазымды міндеттеріне теріс әсер етуі мүмкін барлық ықтимал тәуекел оқиғалары туралы хабарлау.

Білім:

Орта арнайы (техникалық) білім

Дағдылар:

• Қазақстан Республикасының орындалатын жұмыс мәселелері бойынша заңнамасы, нормативтік құқықтық актілері; • Орындалатын жұмыстың тиісті мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдар; • Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері; • Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларының негіздері; • Қауіпсіздік техникасының және еңбекті қорғаудың, өндірістік санитарияның және өрттен қорғаудың ережелері мен нормалары;• Азаматтық қорғаныс, өндірістік және радиациялық қауіпсіздік салаларындағы ережелері мен нормалары;• Әртүрлі электр дәнекерлеу және газ кесу аппаратурасының, автоматтар мен жартылай автоматтардың құрылғысы, айнымалы және тұрақты токта дәнекерлеу және электр доғалық жоспарлаудың ерекшеліктері;• Орындалатын жұмыс шегінде Электротехника негіздері; • Дәнекерлеудегі ақаулардың түрлері және олардың алдын алу және жою әдістері; • Металл дәнекерлеу негіздері;• Дәнекерленетін металдардың механикалық қасиеттері;• Аспаптар бойынша дәнекерлеу режимін таңдау принциптері; • Электродтардың маркалары мен түрлері; • Ең көп таралған газдарды алу және сақтау әдістері: газбен дәнекерлеуде қолданылатын ацетилен, сутегі, оттегі, пропан-бутан;• Жүктерді сақтандыру, тиеу және түсіру нормалары мен ережелері;• Ыдыстың құрылысы және жүкті бекіту тәсілдері;

Қосымша:

"В, С"санатындағы жүргізуші куәлігі.

Білетін тілдер:

• Қазақ тілі (бастапқы деңгей);• Орыс тілі (ауызекі);