Өндірістік учаскенің аға шебері, қазандық цехы, Өндірістік департамент, ТЭЦ-3

«Алматы электр станциялары» АҚ Өтеген батыр а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Ішкі іздеу
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
37

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1. КЦ персоналымен жұмыс істеу жоспарларын, жұмыс кестелерін, персоналды даярлау және біліктілігін арттыруды, білімін тексеруді (қағидалар, өндірістік нұсқаулықтар және лауазымдық нұсқаулықтар, кәсіп бойынша нұсқаулықтар), жұмыс орындарын аралау және тексеруді, КЦ персоналымен жүргізілетін жұмыстың жай-күйін тексеруді құрастырады. Белгіленген тәртіппен жаңа өндірістік, лауазымдық нұсқаулықтарды, кәсіп бойынша нұсқаулықтарды және сызбаларды дайындайды және келіседі, оларды ПТЭ, ПТБ, ППБ талаптарына сәйкес мерзімінде қайта қарауды ұйымдастырады және қайта жаңарту мен реконструкциялар кезінде өзгерістер енгізуді қамтамасыз етеді. КЦ құбырларын, ғимараттарын, құрылыстарын және құрылыс конструкцияларын пайдалануын бақылайды, КЦ пайдалану құжаттамасын жүргізеді, КЦ жабдықтарының жұмыста істен шығуын, КЦ персоналының жазатайым оқиғаларын болдырмау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету үшін жоспарлар жасап, шаралар қабылдайды.
  • 2. Бекітілген бюджет негізінде қосалқы бөлшектерге, материалдарға және жоспарланған жұмыстарға өтінімдер (сұраныстар) жасайды. Материалдарды алу үшін талаптарды және есептен шығару актілерін уақытылы ресімдейді. Жұмысшылармен және шеберлермен жаңа және қайта қаралған нұсқаулықтарды және басқа да құжаттарды уақытылы зерделеуді ұйымдастырады, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Қазандықтарды, құбырларды жөндеуді бақылайды, жөндеу құжаттамасын жүргізеді, сондай-ақ жабдық пен құбырларға қатысты металды бақылау құжаттамасын жүргізеді.
  • Учаскеде өндіріс мәдениеті мен тәртіпті арттырады; аудит қорытындылары бойынша түзетуші іс-шаралардың орындалуын бақылайды; өндірістік цикл бойы АБР әзірлеуге қатысады; қызметкерлерден «Алтын ережелерді» сақтауды талап етеді; мердігерлердің жөндеу сапасын бақылайды, жабдықты ақауларды анықтау (дефектовка) және қабылдауға қатысады; жөндеу журналдарын жүргізеді және басшылық көрсеткен ақауларды жояды; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қауіптіліктерді сәйкестендіру және тәуекелдерді бағалауды жүргізеді; «1С:ТОиР» жүйесіне жөндеу және өтінімдер бойынша ақпарат енгізеді, ТМҚ бойынша құжаттаманы жүргізеді; жөндеулерге арналған құжаттаманы, құралдарды, қосалқы бөлшектер мен материалдарды дайындайды; мердігерлердің жөндеу сапасын бақылайды, ақауларды анықтауға қатысады; жөндеу журналдарын жүргізеді және ақаулардың жойылуын бақылайды; технологиялық карталарды, өтінімдерді, ТМҚ қажеттілігін толтырады; күлді (золаны) әкету жүйелерінің және жабдықтың жұмысын бақылауды және қамтамасыз етуді жүзеге асырады; персоналмен жұмысты Персоналдың жұмыс істеу қағидаларына сәйкес жүргізеді; жұмыс істеп тұрған жабдыққа күн сайын профилактикалық тексерулер жүргізеді; инспекторлардың нұсқамалары мен талаптарын орындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады; жөндеуден кейін жабдықты қабылдайды, жөндеулерді бақылауды жүзеге асырады, жұмыс уақыты/жүктемесі бойынша құжаттаманы жүргізеді; қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар, ГПМ және ТО бойынша оқудан өтеді; цех жабдығының технологиялық сызбаларын және конструкциясын біледі; инспекторлардың нұсқамаларын уақытылы орындайды; жөндеулерді жүргізуді бақылайды, жөндеуден кейін жабдықты қабылдайды; ақаулар ведомостарын, оқыту бағдарламаларын, нұсқама тақырыптарын жеткізеді; ақауларды, өтінімдерді, жөндеулерді «1С:ТОиР»-ға енгізеді, тех карталарды және ТМҚ толтырады; ЖЗП (ЗИП), материалдар, жабдық, құралдың есебі, қоймалау және сақталуын қамтамасыз етеді; ТМҚ-ны есептен шығару/шығару бойынша құжаттаманы жүргізеді, актілерді жасайды; «1С:ТОиР»-ға материалдық шығындарға қажеттілікті толтырады; ТМҚ-ны есептен шығару актілерін жасайды.

    Күн сайын КЦ жабдықтарының ақаулар журналымен жұмыс істейді, КЦ жабдығына қатысты ақаулар мен ескертпелерді жоюды қадағалайды. Орталық қоймадан қажетті материалдар мен қосалқы бөлшектерді алуға қатысады. КЦ бойынша металл сынығын (лом) және өндірістік қоқысты уақытылы әкетуді қамтамасыз етеді. КЦ шеберіне директивалық материалдар бойынша нұсқама жүргізеді және оларды талқылайды, еңбек қауіпсіздігі, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидаларын орындау бойынша іс-шараларды жүргізеді, өрт қауіпсіздігі бойынша ескертпелерді жоюға қатысады, ТБ бойынша «күн ескертпелерін» жоюға қатысады. Жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың алдын алу, ТБ және ЕҚ қағидаларын сақтау мақсатында міндетті түрде регламентке сәйкес жеке қорғану құралдарын (ЖҚҚ) пайдаланады.

    Күн сайын КЦ жабдықтарына аралау және тексеру жүргізеді. Техникалық бағдарламаларды, актілерді, қорытындыларды, техникалық кеңестердің хаттамаларын, жүргізілетін жұмыстар бойынша іс-шаралар тізімдерін жасайды. Жұмыстардың орындалу барысы туралы КЦ басшылығына ақпаратты уақытылы ұсынады. Біліктілік деңгейін тұрақты түрде арттырады. Жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың алдын алу, ТБ және ЕҚ қағидаларын сақтау мақсатында міндетті түрде регламентке сәйкес жеке қорғану құралдарын (ЖҚҚ) пайдалану қажет.
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатына, ішкі нормативтік құжаттарға және қолданыстағы заңнамаға белгіленген талаптарды сақтайды. Оларды сақтаудың мүмкін еместігі туындаған жағдайда дереу өз тікелей басшысына хабарлайды. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы жасалғаны немесе жоспарланып отырғаны туралы ақпарат анықталған немесе алынған жағдайда «Комплаенс» қызметіне немесе сенім телефонына жүгінеді.

Талаптар:

  • Жоғары техникалық білім, мүмкіндігінше энергетика саласында; энергетикалық ұйымдарда кемінде 2 жыл жұмыс өтілі немесе орта техникалық білім, мүмкіндігінше энергетика саласында және энергетикалық ұйымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

Шарттар:

  • Әлеуметтік пакетінің болуы
  • ЖҚҚ және арнайы киім беру
  • Персоналды тасымалдау (жеткізу)

Қажетті қабілеттер

  • - Опытный пользователь ПК (Microsoft office, Internet, Microsoft office Excel)
  • знание оборудования котельного цеха