1-ші санатты техник
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
Жол учаскесінің бастығын жолды күтіп ұстау бойынша барлық нормативтік-техникалық құжаттамамен қамтамасыз етеді.
Дистанция жол шеберінің техникалық оқыту жөніндегі шеберімен бірлесе отырып, жол монтерлерімен, өткел кезекшілерімен бөлімшелерде техникалық оқыту жоспарларын жасайды.
Сызықтық учаскеде іс жүргізуді жүргізеді.
Жолдың көктемгі, күзгі және кезектен тыс комиссиялық тексерулеріне қатысады, қисық учаскелерді ординаталар бойынша өлшеп, есептейді, стык саңылауларын өлшеп, есептейді. Параллель түрде еңбекті қорғау, еңбек қауіпсіздігі техникасын және жұмыс орындарындағы өндірістік санитарияны сақтау бойынша комиссиялық тексеруге қатысады.
Учаске бойынша арнайы киім мен мүкәммалдың берілуін және қамтамасыз етілуін есепке алады.
Біліктілік талаптары:
Білімі: Орта (техникалық және кәсіптік), белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық
Сала бойынша мамандығы: Теміржолдар құрылысы, жол және жол шаруашылығы; Көпірлер және көлік туннельдері; Көлік техникасы; Көтеру-көліктік, құрылыс-жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану
Жұмыс тәжірибесі: Жұмыс өтіліне талап қойылмайды
Қосымша талаптар:
Жол шеберлерінен бастапқы құжаттаманы қабылдап, учаске бастығына жиынтық есеп дайындайды.
Күн сайын, кейін ай, тоқсан, жыл бойынша есеп бере отырып, бухгалтерия белгілеген нысан бойынша жолдың жоғарғы құрылыс материалдарының, жанармайдың, майлау материалдарының, металл сынықтарының келіп түсуі мен шығынын бақылайды.
Қажетті білім дәрежесі
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж