Персоналды басқару департаментінің жетекші маманы (аутстафф)
«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Қарастыратын бағыттар бойынша ішкі саясаттар мен рәсімдерді әзірлейді және өзектендіреді, олардың келісіліп, бекітілуін қамтамасыз етеді, орындалуын бақылайды, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасындағы өзгерістерді қоса алғанда, өзектендіру және толықтырулар бойынша ұсыныстар дайындайды;
- Компанияның кадр саясатын әзірлеуге қатысады: стратегиялық көзқарасты, мақсаттарды, оқыту және қызметкерлерді дамыту қағидаттары мен әдістерін қалыптастыруға қатысады;
- Қызметкерлерді оқытудың жиынтық жоспарын қызметкерлердің қажеттіліктерін талдау және компанияның дамуындағы басым бағыттар негізінде әзірлейді, жүзеге асырады және мониторинг жүргізеді;
- Корпоративтік оқытудың бағдарламаларын, бейімделу курсын және Филиал қызметкерлері мен сыртқы тағылымгер-студенттерге арналған тағылымдама бағдарламаларын әзірлейді және өзектендіреді;
- Ішкі оқытудың тәсілдерін әзірлейді және жүзеге асырады: тәжірибе мен білімді беру үшін институт, тәлімгерлік, коучинг және ішкі тренерлік арқылы;
- Құзыреттерді бағалау жүйесін әзірлейді және енгізеді;
- Филиал қызметкерлері үшін жеке даму жоспарларын әзірлеу және бекіту процесін ұйымдастырады (бұдан әрі – ЖДЖ);
- ЖДЖ және құзыреттерді бағалау нәтижелері негізінде басшылармен бірлесіп персоналдың оқыту және дамыту қажеттілігін талдайды;
- Ішкі рәсімдерге сәйкес оқыту қызметтерін көрсету туралы шарттар бойынша төлемді дайындайды, жасасады және әкімшілендіреді; оқыту жеткізушілерімен өзара іс-қимыл жасайды;
- Оқыту іс-шараларын ұйымдастырады, оның ішінде қатысушыларға ақпарат тарату, үй-жай мен жабдықты дайындау; оқыту іс-шараларына қатысуды қамтамасыз етеді;
- Еңбек заңнамасына және ішкі құжаттар мен рәсімдерге сәйкес қызметкерлермен оқыту шарттарын әкімшілендіреді.
- Ішкі тренер ретінде шығады, басшылар мен қызметкерлерге оқыту және дамыту мәселелері бойынша кеңес береді, ұйымдағы қолайлы орта қалыптастыру және оқыту мәдениетін дамыту үшін бейімделу курсын өткізеді;
- Білім мен тәжірибе алмасуға арналған бизнес-клубтың және ішкі ақпараттық алаңның жұмысын ұйымдастырады; ішкі портал арқылы оқыту материалдарын жинақтайды және жүйелейді;
- Оқыту және дамыту процесінің тиімділігін бағалауды ұйымдастырады;
- Бекітілген ЖДЖ және қызметкерлерді оқыту мен дамытудың қажеттілігін талдау негізінде оқыту бюджеті жасайды;
- Оқыту және дамытуға арналған бюджет пен лимиттерге мониторинг жүргізеді;
- Сыртқы оқыту жеткізушілерін таңдау үшін білім беру нарығын талдайды және оларды іріктеу критерийлерін қалыптастырады;
- Оқыту және дамыту жоспары негізінде оқыту жеткізушілерін іріктейді және сатып алу рәсімдерін ұйымдастырады, сондай-ақ ішкі сатып алу рәсімдеріне сәйкес қызметтерге төлем жүргізуді бақылауды қамтамасыз етеді;
- Қызметкерлердің корпоративтік құзыреттер моделін әзірлеуге қатысады, оны өзектендіреді және енгізеді;
- Филиал қызметкерлері үшін құзыреттерді бағалау процесін ұйымдастырады, оқыту іс-шараларын өткізеді және құзыреттерді бағалау процесі бойынша консультация береді;
- Компанияның негізгі рөлдерін айқындауға арналған жыл сайынғы процесті ұйымдастырады;
- Қызметкерлердің негізгі рөлдерге сабақтастық жоспарын әзірлеуге қатысады және оны өзектендіруді ұйымдастырады;
- Компанияның кадрлық резерві үшін бағалау рәсімдерін ұйымдастырады;
Талаптар:
- Персоналды басқару саласында кемінде 5 жыл, оқыту іс-шараларын ұйымдастыруда жұмыс тәжірибесі [дәлме-дәл: «оқыту іс-шараларын ұйымдастыру саласында» ма?]
-
Қазақ тілі – орта деңгей
Ағылшын тілі – «Intermediate» деңгейі - Жоғары білім, HR CIPD, HRCI, SHRM саласындағы сертификаттардың болуы (қалаулы)
Шарттар:
- Астана қ.
- 5/2
- Аутстафф
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Орташа)