Өндірістік бақылау қызметінің менеджері (ӨБҚ менеджері)
«СКЗ-U» ЖШС Жаңақорған а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Лауазымдық жауапкершілік:
ӨБҚ менеджерінің негізгі лауазымдық міндеттері:ҚӨО-дағы өнеркәсіптік қауіпсіздік (ӨҚ): ӨҚ стратегиясын, мақсаттарын, КПЭ-ні, бірыңғай саясатты және апаттарды жою жоспарларын әзірлеу; Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының өзектілігін бақылау; оқу дабылдары мен жаттығуларын өткізу.Аудит және бақылау: Жұмыс орындарында ӨҚ талаптарының сақталуын тексеру, бұзушылықтарды жою бойынша міндетті нұсқамалар беру және объектілерді жыл сайынғы техникалық қайта жарақтандыруды бақылау.Тергеп-тексеру және тәуекелдерді басқару: Қауіпті факторларды анықтау және жұмыс орындарындағы тәуекелдерді бағалау; апаттар мен оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыру, олардың себептерін талдау және есебін жүргізу.Оқыту және ақпараттандыру: Оқу бағдарламаларын келісу, ӨҚ бойынша қызметкерлердің білімін тексеру комиссияларына қатысу (соның ішінде жаңа жабдықтарды енгізу кезінде) және қызметкерлерді заңнамадағы өзгерістер туралы хабардар ету.Ішкі және сыртқы өзара іс-қимыл: Басшылық, «Қазатомөндіріс» ҰАК» АҚ және мемлекеттік органдар үшін жұмыс жоспарлары мен есептерді (айлық, тоқсандық, жылдық) дайындау; мемлекеттік қадағалау нұсқамаларының орындалуын бақылау.Қызметтерді сатып алу: Серіктестіктің сатып алу жоспарына енгізу үшін қызметтерге деген қажеттілікті жоспарлау және оларға техникалық ерекшеліктерді (спецификацияларды) жасау.Білім:
Білім деңгейі - Жоғары;Білім бейіні - Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғанысДағдылар:
Серіктестіктің өндірістік-шаруашылық және/немесе қаржы-экономикалық қызметін реттейтін тиісті саладағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы мен нормативтік құқықтық актілері, Серіктестіктің ішкі нормативтік құтжаттары;Серіктестіктің өндірістік қызметінің бейіні, мамандануы және ерекшеліктері;ӨБҚ менеджерінің қызмет саласын реттейтін нормативтік-құқықтық және басшылық актілер, әдістемелік материалдар;Сала мен Серіктестіктің техникалық, экономикалық және әлеуметтік даму перспективалары;Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары;Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;Өрт қауіпсіздігі қағидалары;Электр қондырғыларын орнату қағидалары;Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі, жоғары тұрған органдардың қаулылары, өкімдері, бұйрықтары және Серіктестіктің өндірістік құрылымы;Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын зерттеу әдістері, өндірістік қауіпсіздік бойынша жұмысты ұйымдастыру;Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді жүргізу тәртібі;Өндірістік қауіпсіздік бойынша іс-шаралардың орындалуы туралы есептілікті жасау тәртібі мен мерзімдері;Ішкі еңбек тәртібі қағидалары.Қосымша:
Лицензиялар, сертификаттар - ЕҚ, ҚОҚ және ӨҚ (HSE) саласындағы сертификаттардың болуы міндеттіБілетін тілдер:
Қазақ, орыс және ағылшын.Ұқсас вакансиялар
Өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі менеджер
«СКЗ-U» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Жаңақорған а.
18.08.2026 | 261
Алматы қ. қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметінің бас маманы
Филиал АО Казпочта Информационно-логистический центр «ЮГ» | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
17.08.2026 | 63
ӨҚД Өндірістік бақылау инженері (Өскемен)
KAP Technology | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
13.08.2026 | 433