Құрылыс басқармасының сметалық бөлімінің жетекші инженері
Міндеттері:
1) менеджмент жүйесін енгізу және жетілдіру жөніндегі іс-шараларды іске асыру бойынша жоспарлар мен бағдарламаларды орындауға қатысады;
2) энергетикалық құрылыс объектілерін салу, қайта жаңарту және жаңғырту бойынша сметалық құжаттаманы, оны жобалау ұйымдары тәуелсіз немесе мемлекеттік сараптамаға ұсынғанға дейін тексеруді жүзеге асырады;
3) құрылыс барысында туындайтын қосымша жұмыстар көлеміне арналған сметалық құжаттаманы тексеруді жүзеге асырады;
4) техникалық кеңестердің хаттамаларын, бұйрықтар мен өкімдерді дайындауды жүргізеді;
5) жоғары тұрған басшылықтың тапсырмасы бойынша хат алмасуды жүргізеді;
6) орындалған жұмыстар актілерін Ф-2В нысаны бойынша және орындалған жұмыстар құны туралы КС-3 нысаны бойынша анықтамаларды тексеруді және визалауды, бекітілген сметалық құжаттаманың сәйкестігін растау бөлігінде жүзеге асырады;
7) тікелей басшысының жекелеген қызметтік тапсырмаларын орындайды.
Талаптар:
- жоғары техникалық (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және жұмыс өтілі кемінде 1 жыл.
Шарттар:
- бес күндік жұмыс аптасы, 08.00 сағаттан 17.00 сағатқа дейін 8 сағаттық жұмыс күні; түскі үзіліс – 1 сағат, 12.00-ден 13.00 сағатқа дейін.
Қажетті қабілеттер
- __Autocad, Microsoft Word, Microsoft Windows XP, Microsoft Office, Microsoft Excel, Outlook Office.
Ұқсас вакансиялар