кадр маманы
«KMG EP-Catering» ЖШС Атырау қ.- Құрылған күні:
-
05.08.2026
- Берілген өтінім:
- 0
- Қаралған саны:
- 314
Міндеттері:
Филиалдың, оның бөлімшелерінің жеке құрамын бірыңғай бастапқы құжаттама нысандарына сәйкес есепке алады.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Филиал басшысының ережелері мен бұйрықтарына, сондай-ақ кадрлар бойынша белгіленген басқа да құжаттамаларға сәйкес қызметкерлерді қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан шығаруды ресімдейді.
Қызметкерлердің сандық және сапалық құрамы туралы, олардың қозғалысы туралы ақпаратты персонал деректер базасына ( «1С – Кәсіпорын – Персоналды басқару» бағдарламасына) енгізеді, оның уақтылы жаңартылуын және толықтырылуын қадағалайды.
Жаңа қабылданған қызметкерлерді еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғаныс бойынша, сондай-ақ еңбекті қорғау ережелері мен нормалары бойынша нұсқамадан өткізуді ұйымдастырады.
Қызметкерлердің жеке істерін қалыптастырады және жүргізеді, оларға еңбек қызметіне байланысты өзгерістер енгізеді (қызметкерге қатысты барлық бұйрықтардың көшірмелерін қызметкерлердің жеке істерінде сақталуын қамтамасыз етеді).
Әкімшілік-басқару персоналы қызметкерлерінің жұмыс уақытын күн сайын есепке алады.
Қызметкерлердің жұмысқа дәлелді себепсіз келмеген жағдайында олардың жұмысқа келмегені туралы Актіні жасауға ұйымдастырады.
Филиалдың бөлімше басшыларынан жұмыс уақыты есебінің табельдерін қабылдайды және тексереді.
Уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын қабылдайды және есепке алады, оларды Филиалдың бухгалтериясына уақтылы тапсыруды жүзеге асырады.
Кадрлар бойынша бұйрықтарды Кадрлар бойынша бұйрықтарды тіркеу журналында тіркеуді жүзеге асырады және оларды Филиалдың бухгалтериясына уақтылы тапсырады.
Өндірістік бұйрықтарды Өндірістік бұйрықтарды тіркеу журналында тіркеуді жүзеге асырады және оларды Филиалдың бухгалтериясына уақтылы тапсырады.
Филиал қызметкерлерін жұмыс берушінің актілерімен таныстырады.
Филиалдан жұмыстан шығарылатын қызметкерлерге айналып өту парақтарын береді, оларды Айналып өту парақтарын тіркеу журналында тіркейді және оларды Филиалдың бухгалтериясына уақтылы тапсырады.
Қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдану есебін оларды Тәртіптік жаза қолдануды тіркеу журналында тіркеу арқылы жүргізеді.
Филиалдың іссапарға жіберілетін қызметкерлеріне іссапар куәліктерін береді және іссапар куәліктерін Іссапар куәліктерін тіркеу журналында тіркеу арқылы есепке алады.
Біліктілік, аттестаттау, конкурс комиссиялары үшін және қызметкерлерді көтермелеу мен марапаттауға ұсыну үшін қажетті материалдарды дайындайды.
Еңбек кітапшаларын және оларға арналған салымдарды (қосымшаларды) қабылдау мен беруді тіркеуді жүзеге асырады. Еңбек кітапшалары мен салымдарды қатаң есепке алады.
Еңбек кітапшаларына жазбалар енгізеді, оларды сақтауды жүзеге асырады және еңбек өтілін есептейді.
Қызметкерлердің қазіргі және бұрынғы еңбек қызметі туралы басқа мекемелерге ұсыну үшін анықтамалар береді.
Қызметкерлерге демалыстар беруді есепке алады, кезекті демалыстардың кестелерін жасау мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
Филиал қызметкерлеріне зейнетақы тағайындау үшін қажетті құжаттарды ресімдейді.
Белгіленген мерзімдер өткеннен кейін ағымдағы сақтаудағы құжаттарды архивке сақтауға тапсыруға арналған құжаттарды дайындайды.
Филиалдың бөлімшелерінде еңбек тәртібінің жай-күйін және қызметкерлердің Ішкі еңбек тәртіп ережелерін, Қызметтік және коммерциялық құпияның сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты және жұмыс берушінің басқа да актілерін сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
Еңбек тәртібін бұзушылықтарды есепке алады және Филиал басшылығының тиісті шараларды уақтылы қабылдауын бақылайды.
Жеке құрамды есепке алу және кадрлармен жұмыс бойынша ай сайын белгіленген есептілікті дайындайды.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болып табылады
Талаптар:
- Кадрлар жөніндегі маман мыналарды білуі тиіс:
- персоналды басқару бойынша заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді, әдістемелік материалдарды;
- Филиалдың құрылымы мен штат кестесін, оның қызмет бағытын, мамандануын және компанияның даму перспективаларын;
- кадр саясатын;
- персоналға қажеттілікті жоспарлау және болжау әдістемесін;
- жұмыс істейтіндердің сандық және сапалық құрамын талдау әдістерін;
- еңбек шарттарын жасасу және еңбек дауларын реттеу тәртібін;
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін;
- Филиалды кадрлармен қамтамасыз ету көздерін;
- еңбек нарығының жай-күйін;
- персоналды бағалау жүйелері мен әдістерін;
- кадрлық құжаттаманың стандарттарын және бірыңғай нысандарын;
- кадрлармен және олардың қозғалысымен байланысты құжаттаманы ресімдеу, жүргізу және сақтау тәртібін;
- персонал туралы деректер базасын қалыптастыру және жүргізу тәртібін;
- табельдік есепті ұйымдастыруды;
- кадрлар қозғалысын есепке алу әдістерін;
- белгіленген есептілікті жасау тәртібін;
- «1С – Кәсіпорын – Персоналды басқару» компьютерлік бағдарламасымен жұмыс істеуді. , КУФиБ
Шарттары:
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)
Ұқсас вакансиялар