Эксплуатация департаментінің менеджері
«QazaqGaz Processing » ЖШС Мақат к.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Негізгі міндеттері
- Газ өңдеу зауытын жобалау, құрылыс, іске қосу-баптау жұмыстары және пайдалануға беру кезеңдерінде қауіпсіз пайдалануға дайындау.
- Өндірістік процестерді жедел-диспетчерлік басқару.
- Зауыттың техникалық жарамды жай-күйін, тиімді әрі қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету.
- Operational Readiness & Assurance (OR&A) іс-шараларын қамтамасыз ету.
- Объектілерді EPC/EPCM мердігерлерінен пайдаланушы ұйымға беру процесін үйлестіру.
- Жобалық құжаттаманы (Pre-FEED, FEED, EPC) қарау.
- Пайдалану құжаттамасын, нұсқаулықтар мен регламенттерді әзірлеу.
- Пайдалану персоналын даярлау және оқыту.
- Жабдыққа техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру.
- Asset Management және Asset Integrity Management жүйелерін енгізуге қатысу.
- HSE талаптарының (өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау) сақталуын бақылау.
- Мердігер ұйымдармен, жобалау ұйымдарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау.
- Объектілерді қабылдау, іске қосу-баптау жұмыстары және пайдалануға беру кезеңдеріне қатысу.
- Пайдалану бюджетін (OPEX) жоспарлау, есептілік пен талдамалық материалдарды дайындау.
Талаптар
Білімі
- Жоғары техникалық білім (мұнай-газ ісі).
Жұмыс тәжірибесі
- Мұнай-газ, газ өңдеу немесе энергетика саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі.
- Квазимемлекеттік секторда жұмыс тәжірибесі.
- Өндірістік объектілерді пайдалануға дайындау тәжірибесі.
- Объектілерді салу, реконструкциялау немесе жаңғырту жобаларына қатысу тәжірибесі.
- EPC/EPCM мердігерлерімен жұмыс тәжірибесі.
Білімі мен дағдылары
- Газ өңдеу объектілерін пайдалану.
- Өндірістік процестерді жедел-диспетчерлік басқару дағдылары.
- Operational Readiness & Assurance қағидаттарын білу.
- Mechanical Completion, Pre-Commissioning, Commissioning, Start-up кезеңдерін білу.
- Asset Management, Asset Integrity Management, RCM жүйелері бойынша білім.
- PSM негіздері және HSE талаптарын білу.
- Пайдалану құжаттамасын әзірлеу.
- Жабдыққа техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді жоспарлау.
- Жобалық және техникалық құжаттамамен жұмыс істеу.
- Microsoft Office бағдарламаларын еркін меңгеру; SAP PM, IBM Maximo немесе Oracle eAM жүйелерін білу артықшылық болып табылады.
Тілдерді білу
- Қазақ тілі — еркін меңгеру.
- Орыс тілі — еркін меңгеру.
- Ағылшын тілі — Intermediate деңгейінен төмен емес.