Шарттар (FIDIC) және сатып алу жөніндегі менеджер
«QazaqGaz Processing » ЖШС Ақсай қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Негізгі міндеттері
- Газ өңдеу зауыты (ГӨЗ) құрылысы жобасы бойынша шарттық және сатып алу қызметін жобаның барлық кезеңдерінде (Pre-FEED, FEED, TED, EPC, Commissioning, Start-up) ұйымдастыру және үйлестіру.
- Жобаның кестесіне, бюджетіне және Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес шарттық стратегияны әзірлеу және іске асыру.
- Жабдықтарды, материалдарды, құрылыс-монтаж жұмыстары мен қызметтерді сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және сүйемелдеу.
- Мердігерлермен, жеткізушілермен және консультанттармен жасалатын шарттарды дайындау, келісу және әкімшілендіру.
- Шарттардың орындалуын, жеткізу мерзімдерін, жұмыстардың орындалу кестесін және қаржылық міндеттемелердің сақталуын бақылау.
- Өзгерістерді басқару (Variation Orders), қосымша келісімдер жасау, талап-шағымдарды (Claims) қарау және шарттық дауларды реттеу.
- FIDIC, EPC/EPCM және басқа халықаралық шарттық модельдер бойынша жасалған шарттардың орындалуын бақылау.
- Жобалау, инженерлік, құрылыс, қаржы және заң бөлімшелерімен, сондай-ақ мердігерлермен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды үйлестіру.
- Сатып алу жоспарының орындалуын, шарттардың мәртебесін және жабдықтарды жеткізу мерзімдерін мониторингтеу.
- Жоба басшылығына арналған есептерді, талдамалық материалдар мен презентацияларды дайындау.
- Шарттық және коммерциялық тәуекелдерді талдау және оларды төмендету бойынша ұсыныстар әзірлеу.
- Шарттық құжаттаманың корпоративтік электрондық құжат айналымы жүйесінде жүргізілуін және өзектілігін қамтамасыз ету.
Біліктілік талаптары
Білімі
Жоғары білім (келесі бағыттардың бірі бойынша):
- құқықтану;
- финансы/экономика;
- менеджмент;
Жұмыс тәжірибесі
- Шарттық әкімшілендіру және сатып алу саласында кемінде 7 жыл жұмыс тәжірибесі.
- Ірі инвестициялық-құрылыс жобаларын іске асыру тәжірибесі.
- FIDIC, EPC/EPCM шарттарын әзірлеу және әкімшілендіру тәжірибесі.
- Тендерлік рәсімдерді ұйымдастыру, коммерциялық ұсыныстарды бағалау және шарттарды сүйемелдеу тәжірибесі.
- Халықаралық мердігерлермен және жеткізушілермен жұмыс тәжірибесі құпталады.
Кәсіби білім мен дағдылар
- FIDIC, EPC, EPCM халықаралық шарттық модельдерін білу.
- Шарттарды әкімшілендіру және келісімшарттардың өмірлік циклін басқару.
- Variation Orders және Claims Management рәсімдері.
- Сатып алу процесінің толық циклі (Procure-to-Pay).
- Incoterms халықаралық жеткізу ережелері.
- ҚР азаматтық заңнамасы және сатып алу саласындағы заңнама.
- Коммерциялық талдау және тендерлік ұсыныстарды бағалау.
- Тәуекелдерді басқару және келіссөздер жүргізу дағдылары.