Бас инженер-сметашы

«QazaqGaz Processing » ЖШС Ақсай қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
223

   Конкурс туралы

Негізгі міндеттері

  • Pre-FEED, FEED және EPC кезеңдерінде сметалық құжаттаманы тексеру және талдау.
  • Жергілікті, объектілік және жиынтық сметалық есептерді дайындау, сараптау және келісу.
  • Сметалық құжаттаманың жобалық шешімдерге, Қазақстан Республикасының нормативтік талаптарына және шарт талаптарына сәйкестігін бақылау.
  • Жұмыс көлемдерін, техникалық сипаттамаларды, жұмыс көлемдерінің ведомостарын (BOQ) және құн есептерін тексеру.
  • Құрылыс-монтаж жұмыстарының, жабдықтардың, материалдардың және қызметтердің құнын талдау.
  • Қосымша жұмыстарға, өзгерістерге (Variation Orders) және сметалық құжаттама түзетулеріне арналған есептеулерді дайындау.
  • Мердігерлердің коммерциялық ұсыныстарын қарауға және тендерлік құжаттаманы тексеруге қатысу.
  • Жоба бюджетін (CAPEX) қалыптастыруға қатысу және қаражат игерілуін бақылау.
  • Шарттық құнды келісуге және орындалған жұмыстар актілерін тексеруге қатысу.
  • Жобалау ұйымдарымен, EPC/EPCM мердігерлерімен, жабдық жеткізушілермен және ішкі бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасау.
  • Жобаның құны мен баға қалыптастыру мәселелері бойынша талдамалық есептер, есептеулер және қорытындылар дайындау.

Біліктілік талаптары

Білімі

Жоғары білім:

  • құрылыс;
  • өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс;
  • құрылыс экономикасы;
  • мұнай-газ ісі;
  • инженерия;
  • сметалық іс немесе басқа да бейінді техникалық мамандықтар.

Жұмыс тәжірибесі

  • Инженер-сметашы ретінде кемінде 7 жыл жұмыс тәжірибесі.
  • Мұнай-газ, мұнай-химия, газ өңдеу немесе энергетика салаларындағы ірі инвестициялық-құрылыс жобаларында жұмыс тәжірибесі.
  • FEED және EPC кезеңдерінде сметалық құжаттаманы дайындау және тексеру тәжірибесі.
  • EPC/EPCM мердігерлерімен өзара жұмыс тәжірибесі.
  • Құрылыс құнын қалыптастыру және бақылау тәжірибесі.

Кәсіби білім

Білуі тиіс:

  • Қазақстан Республикасындағы баға қалыптастыру және сметалық іс жүргізу нормативтік базасын;
  • сметалық құжаттаманы әзірлеу тәртібін;
  • құрылыс құнын анықтау әдістерін;
  • инвестициялық жобалар бюджетін (CAPEX) қалыптастыру қағидаттарын;
  • жұмыс көлемдерін және BOQ тексеру тәртібін;
  • шарттық әкімшілендіру негіздерін;
  • FIDIC талаптарын (құпталады);
  • өнеркәсіптік объектілерді жобалау және құрылыс технологияларының негіздерін;
  • HSE талаптарын.

Кәсіби құзыреттер

  • Сметалық құжаттаманы дайындау және тексеру.
  • Құрылыс-монтаж жұмыстарының құнын талдау.
  • Жұмыс көлемдері мен құн есептерін тексеру.
  • Жоба бюджетін бақылау.
  • Қосымша жұмыстар мен өзгерістер бойынша есептеулер дайындау.
  • Жобалық және шарттық құжаттамамен жұмыс істеу.
  • Талдамалық есептер мен қорытындылар дайындау.

Бағдарламалық қамтамасыз етуді меңгеруі

  • АВС-4 (немесе аналогиялық сметалық бағдарламалар).
  • SANA-2015 (құпталады).
  • Microsoft Excel, Word.
  • Microsoft Project (құпталады).
  • SAP S/4HANA (құпталады).

Тілдерді білуі

  • Қазақ тілі — еркін меңгеру.
  • Орыс тілі — еркін меңгеру.
  • Ағылшын тілі — Intermediate деңгейінен төмен емес (техникалық және шарттық құжаттамамен жұмыс істеу).

Артықшылықтары

  • ГӨЗ, МӨЗ, мұнай-химия кешендері немесе энергетика объектілерін салу жобаларына қатысу тәжірибесі.
  • Халықаралық EPC/EPCM мердігерлерімен жұмыс тәжірибесі.
  • Ірі капиталдық жобалардың (CAPEX) бюджеттерін қалыптастыру тәжірибесі.
  • Құнды бағалау бойынша халықаралық стандарттарды білу (AACE International).
  • AACE, PMP немесе жобалардың құнын басқару саласындағы басқа да кәсіби сертификаттардың болуы артықшылық болып табылады.