«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ - «Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Балхаш жол дистанциясының механикалық шеберхана цехының бас механигі

503 670 - 526 150
Балхашская дистанция пути Балқаш қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
118

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • механикалық шеберхананың жұмысына тікелей басшылық жасайды;
  • әр жұмыскердің өндіру нормасын бақылайды, жүргізілетін жұмыстың сапасын тексереді, механикалық цехтағы жазатайым оқиғалар мен ақаулардың алдын алу бойынша іс-шараларды жүзеге асырады;
  • дрезина, мотовоз және автомотрисалардың (алынбайтын түрдегі моторлы-рельстік көлік), пневмоүдеткіш пен компрессорлы жабдықтардың және қар тазалағыш техникалардың пайдаланылуына және ұсталуына жауап береді;
  • жүк-көтерме механизмдердің және ауа жинағыштардың кестеге сәйкес техникалық куәландыруын өткізеді;
  • материалдардың, электроэнергияның, дизельдік жанармай мен бензиннің үнемді шығындалуына жауап береді және артық шығынды туғызатын себептерді жояды;
  • материалдардың, жанар-жағармай материалдарының жұмсалуы бойынша және қолда бар негізгі құрал-жабдықтардың есебін жүргізеді;
  • жол дистанциясының шағын механикаландыруының есебін жүргізеді және жол дистанциясы шағын механикаландыруының жарамды күйде болуын қамтамасыз етеді;
  • авто-тракторлық құралдардың жол полиция органдарында тіркеуден және техникалық бақылаудан өткізеді;
  • жол дистанциясының бастығы бекіткен кестеге сәйкес машиналар мен механиздердің техникалық бақылаудан өту кестесін құрады;
  • қауіпсіз еңбек жағдайларын және жұмыскерлердің жол ережелерін, қауіпсіздік техникаларын, өндірістік санитарияның және өз телімінде өрт қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Сала бойынша мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (Көтерме-көліктік, құрылыс, жол машиналары және жабдықтар); Көлік құрастыру; Электроэнергетика; Жылу энергетикасы; Құралдар құрастыру; Көлік құрылысы (Теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы, Көпір және көлік көпірлері);
  • Еңбек өтілі: 3 жылдан кем емес

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр