Технологиялық қондырғылар операторы 4-разряд (уақытша) ЭЛОУ-АВТ цехында, битумдарды тотығу және модификациялау

«CASPI BITUM» БК» ЖШС Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Қызметкер болмаған кезде, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
27

Қаралған саны:
329

   Конкурс туралы

Міндеттері: Технологиялық процесті және қондырғының қызмет көрсетілетін блогының жабдықтарын пайдалануын технологиялық регламентке, қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттамаға, өкімдерге қатаң сәйкес жүзеге асырады, аға оператордың, зауыт диспетчерінің жедел нұсқаулықтарын басшылыққа алады.

 

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:

1) қондырғыдағы технологиялық процестің физика-химиялық негіздері;

2) қондырғының технологиялық сызбасы, іргелес қондырғылардың негізгі технологиялық сызбалары;

3) қондырғының технологиялық регламенті, цех үшін міндетті нұсқаулықтар: жалпы зауыттық, өндірістік, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша;

4) қондырғыдағы адамға әсер етуі мүмкін барлық қауіпті және зиянды факторлар;

5) шикізат шығынының нормалары, отын-энергетикалық ресурстар, реагенттер және т.б. материалдар;

 

Білімге қойылатын талап: Сәйкес мамандық (біліктілік) бойынша жоғары білім немесе сәйкес мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім.

 

Жұмыс өтіліне қойылатын талап:

1) мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 2 жыл:

жоғары техникалық білім немесе сәйкес мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім;

2) жұмыс өтіліне талап қойылмайды: мұнай-газ бейіндегі мамандықтар бойынша жоғары техникалық білім, «Нефтехимия», «Нефтепереработка», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Мұнай-газхимия өнімдерінің химиялық технологиясы»,  «Көмірсутек шикізаты/отын және газдың химиялық технологиясы»,  «Химиялық инженерия

және процестер» немесе теңдес мамандық.

 

Шарттар:

- Ақтау қ., Промзона 5.

- кесте: ауысымдық

- уақытша бос орын, қызметкердің бала күтімі бойынша демалыста болған уақытына. 

 

Қажетті қабілеттер

  • - умение оперативно принимать решение в сложных ситуациях

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру