Жезқазған желілік-өндірістік басқармасы көлік қызметінің бульдозер машинисті
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Қарағанды» магистральдық газ құбырлары басқармасы Қарағанды қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
Бульдозер машинисі келесі міндеттерді орындайды:
- Өндірістік тапсырмаға сәйкес бульдозерді жер қазу, жерді жоспарлау, жол-құрылыс, тиеу-түсіру және өзге де жұмыстарды орындау кезінде басқарады.
- Топырақты қазу, жылжыту, тегістеу және жоспарлау жұмыстарын, траншеяларды, қазаншұңқырларды және басқа да қазылған орындарды қайта көму жұмыстарын орындайды.
- Алаңдарды, жолдарды және аумақтарды қардан, қоқыстан, топырақтан және басқа материалдардан тазартады.
- Жұмыстарды орындау технологиясын және жобалық құжаттама талаптарын сақтайды.
- Жұмыс басталар алдында бульдозерге техникалық тексеру жүргізеді, тораптар мен агрегаттардың, тежегіш жүйесінің, рульдік басқарудың, гидравликалық жүйенің, жарықтандыру құралдарының және қауіпсіздік құралдарының жарамдылығын тексереді.
- Бульдозердің техникалық жарамды күйін қамтамасыз етеді, күнделікті техникалық қызмет көрсетуді уақтылы орындайды.
- Анықталған ақаулар туралы дереу тікелей басшысына хабарлайды және қауіпсіздікке қатер төндіретін ақаулар болған жағдайда жұмысқа кіріспейді.
- Қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, бульдозерге жанар-жағармай материалдарын құяды.
- Белгіленген пайдалану құжаттамасын (жол парақтары, ауысымдық рапорттар, техниканың жұмысын есепке алу журналдары және т.б.) жүргізеді.
- Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, өрт және экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтайды.
- Жеке қорғаныс құралдарын пайдаланады және техниканы қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етеді.
- Ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, өндірістік тәртіпті сақтайды және өзіне сеніп тапсырылған техникаға ұқыпты қарайды.
- Апаттық жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды, жазатайым оқиғалар, авариялар және оқыс оқиғалар туралы дереу басшысына хабарлайды.
Талаптар:
- Біліміне қойылатын талаптар:
- жалпы орта білім;
- тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі;
- бекітілген көлік құралын басқаруға рұқсаты болуы тиіс.
- Жұмыс тәжірибесі:
- мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.