ӨНДІРІСТІК ОПЕРАЦИЯЛАР ЖӨНІНДЕГІ ИНЖЕНЕР (1 орын)

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
45

Қаралған саны:
2509

   Конкурс туралы
Талап етіледі: 
  • I санатты өндірісті басқаруды ұйымдастыру жөніндегі инженер: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және II санатты өндірісті басқаруды ұйымдастыру жөніндегі инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;
  • ІI санатты өндірісті басқаруды ұйымдастыру жөніндегі инженер: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және санаты жоқ өндірісті басқаруды ұйымдастыру жөніндегі инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
  • санаты жоқ өндірісті басқаруды ұйымдастыру жөніндегі инженер: жұмыс өтіліне талап қойылмайтын, кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі немесе тиісті мамандығы (біліктілігі) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және І санатты техник лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Білуі тиіс:
  • заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, өндірісті басқаруды ұйымдастыру бойынша әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдарды;
  • ұйымның даму перспективаларын, өндіріс технологиясын;
  • шығарылатын өнімнің, орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) номенклатурасы мен техникалық сипаттамаларын;
  • ұйымның, цехтардың, учаскелердің мамандануын, олардың арасындағы өндірістік байланыстарды;
  • өндірісті дамытудың перспективалық және ағымдағы жоспарларын әзірлеу тәртібін;
  • өндірісті басқарудың ұйымдық нысандары мен әдістерін;
  • ұйымдардың ұйымдық құрылымдарын, бөлімшелер туралы ережелерді, лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу тәртібін;
  • өндірісті басқаруды ұйымдастыруды талдау әдістерін;
  • қазіргі заманғы есептеу техникасын, коммуникация және байланыс құралдарын;
  • техникалық құжаттаманы әзірлеу, ресімдеу және іс қағаздарын жүргізу тәртібін;
  • ұйымдық-өкімдік құжаттамалардың біріздендірілген жүйесінің стандарттарын;
  • өндірісті басқаруды ұйымдастыруды жетілдірудің отандық және шетелдік тәжірибесін;
  • еңбек социологиясы мен психологиясының негіздерін;
  • экономика, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
  • еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария жөніндегі, өрт қауіпсіздігі талаптарын.
Қажетті дағдылар:  
  • MS Office, SAP R3, DREAM32, Vibro12, VBal_Pro, Thermography Explorer, Image Processor
  • жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру дағдыларының болуы.