«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Шиелі 1 класс стансасының парк бойынша кезекшісі

от 246 730
Кызылординское отделение магистральной сети Шиелі а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
89

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1.
Кезекшілікті қабылдау кезінде станцияның ТРА-сына сәйкес станциялық жолдардың бекітілу сенімділігін, тежеуіш башмактарының жарамдылығын, курбелдердің пломбаларының болуын, сөрелердің сенімді жабылуын тексереді.

Күнделікті: әр ауысым сайын
Орындау мерзімі: ауысымның басында

2.
Өз пайдалануындағы мүліктің және басқа қызметкерлердің мүлкінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Күнделікті: әр ауысым сайын
Орындау мерзімі: ауысым барысында

3.
Жолаушылар және жүк пойыздарын өз бекетінің жанында белгіленген орында қарсы алады және шығарып салады. Маневрлік жұмыстарға қатысқан кезде пойыздарды олардың орналасқан жерінде қарсы алады және шығарып салады.

Күнделікті: әр ауысым сайын
Орындау мерзімі: ауысым барысында

4.
ДС-ның нұсқауы бойынша станциялық жолдарда тепловозсыз қалдырылған пойыз құрамдарын немесе жекелеген вагондарды станцияның ТРА-сына сәйкес қажетті мөлшердегі тежеуіш башмактарымен бекітеді және ДС-ның нұсқауы бойынша оларды уақытылы алып тастайды. Станциялық жолдардағы вагондарды бекітуге арналған тежеуіш башмактары мен құрылғыларын нөмірлік есепке алу бойынша ДУ-67 нысанындағы журналды жүргізеді.

Күнделікті: әр ауысым сайын
Орындау мерзімі: ауысым барысында

5.
Жөнелтілетін пойыздардың машинистеріне ДУ-61 нысанындағы ескерту бланкілерін қол қойдыру арқылы береді.

Күнделікті: әр ауысым сайын
Орындау мерзімі: ауысым барысында

6.
Пойыз машинистерінен жүк тасымалдау құжаттарын қабылдайды және ДУ-40 нысанындағы кітапқа қол қойдыру арқылы жүк тасымалдау құжаттарын машинистерге береді.

Күнделікті: әр ауысым сайын
Орындау мерзімі: ауысым барысында

7.
Жүк пойыздары локомотивтерінің машинистерінің маршруттық парақтарына белгі қояды және оларды станция мөртаңбасымен куәландырады. Станция арқылы өтетін пойыздардың машинистерінің маршруттарына «24» анықтамасын қоса тіркейді.

Күнделікті: әр ауысым сайын
Орындау мерзімі: ауысым барысында

8.
Таратуға келген пойыздардың құжаттарын техникалық кеңсеге береді.

Күнделікті: әр ауысым сайын
Орындау мерзімі: ауысым барысында

9.
Локомотив машинистеріне кезекші станция бойынша берген нұсқауына сәйкес толтырылып, қол қойылған жасыл және ақ түсті, диагоналі бойынша қызыл жолағы бар бланкілерді, жол жазбаларын, хабарламаларды (ДУ-50, ДУ-54, ДУ-64 және басқа нысандар) береді.

Күнделікті: нақты жағдай бойынша
Орындау мерзімі: ауысым барысында

10.
СЦБ құрылғылары орталықтандырудан ажыратылған немесе олардың қалыпты жұмысы бұзылған жағдайда, көрсетілген маршрут бойынша бағыттамаларды курбель арқылы ауыстырады және аспалы құлыппен бекітеді.

Күнделікті: СЦБ ақаулы болған жағдайда
Орындау мерзімі: ақау жойылғанға дейін

11.
Пойыздарды қабылдау және жөнелту кезінде, сондай-ақ маневрлік жұмыстар жүргізу барысында бөтен адамдар мен малдың кіруінен маршрутты күзету арқылы соқтығысудың алдын алуды қамтамасыз етеді.

Күнделікті: әр ауысым сайын
Орындау мерзімі: ауысым барысында

12.
СЦБ және байланыс құрылғылары ақаулы болған жағдайда пойыздарды қабылдау және жөнелту үшін жолдың бос болуын және маршруттың дайындалуын тексереді.

Күнделікті: СЦБ ақаулы болған жағдайда
Орындау мерзімі: ақау жойылғанға дейін

13.
Қатаң есептегі құжаттардың, мүкәммалдың және құрал-саймандардың сақталуын қамтамасыз етеді.

Күнделікті: әр ауысым сайын
Орындау мерзімі: ауысым барысында

14.
СЦБ құрылғыларының жұмысындағы ақаулар, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне қатер төндіретін жұмыс жағдайының қиындауы немесе стандарттан тыс жағдай туындаған кезде дереу ДС-ға хабарлайды және ДС-ның нұсқауы бойынша авариялық немесе стандарттан тыс жағдайды жою бойынша шаралар қабылдайды.

Күнделікті: нақты жағдай бойынша, дереу
Орындау мерзімі: жойылғанға дейін

15.
Теміржол көлігі объектілерінен жүктер мен материалдық құндылықтардың ұрланған жағдайларын, сондай-ақ станциялық жолдарда, пойыз құрамдарының жанында немесе теміржол көлігінің басқа да объектілерінде күдікті бөгде адамдар болған жағдайда, бұл туралы тікелей басшысына дереу хабарлайды.

Күнделікті: нақты жағдай бойынша, дереу
Орындау мерзімі: дереу

16.
Қазақстан Республикасының заңнамасының, мемлекеттік органдар актілерінің және Компанияның қызметіне қатысты өзге де құжаттардың талаптарын, еңбек шартының талаптарын, корпоративтік басқару кодексін және Компанияның (жұмыс берушінің) басқа да жергілікті актілерін қатаң сақтайды.

Күнделікті: әр ауысым сайын
Орындау мерзімі: ауысым барысында

17.
Жұмыс орнында қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын қатаң сақтайды.

Күнделікті: әр ауысым сайын
Орындау мерзімі: ауысым барысында

18.
Өз жұмыс орнында халықаралық стандарттардың талаптары негізінде интеграцияланған менеджмент жүйесін енгізуді, оның талаптарының сақталуын және жұмыс жағдайында ұсталынуын қамтамасыз етеді: ISO 9001:2008, ISO 14001:2004, ISO 45001, ISO 50001, OHSAS 18001:2007, ISO 50001.

Күнделікті: әр ауысым сайын
Орындау мерзімі: ауысым барысында

19.
Техникалық құралдарды дұрыс пайдалану арқылы еңбек өнімділігін және өндіріс тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдайды.

Күнделікті: әр ауысым сайын
Орындау мерзімі: ауысым барысында

20.
СЦБ және байланыс құрылғыларының қалыпты жұмысы бұзылған жағдайда маневрлік жұмыстарды жүргізу процесіне қатысады.

Күнделікті: әр ауысым сайын
Орындау мерзімі: ауысым барысында

21.
Тежеуіш башмактарының, құжаттардың, мүкәммалдың және қатаң есептегі құрал-саймандардың сақталуын қамтамасыз етеді.

Күнделікті: әр ауысым сайын
Орындау мерзімі: ауысым барысында

22.
Пойыздың толық құрамда келгенін, пойыздың соңғы вагонында белгіленген хвосттық сигналдың болуын бақылайды, ал ұзын құрамды пойыздарды осадкалау кезінде осадкаланатын маршруттың дұрыстығын және оның күзетілуін тексереді.

Күнделікті: әр ауысым сайын
Орындау мерзімі: ауысым барысында

23.
Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Филиалдың басқа құрылымдық бөлімшелерінің жауапты тұлғаларымен өзара іс-қимыл жасайды.

Күнделікті: әр ауысым сайын
Орындау мерзімі: ауысым барысында

24.
Айына 2 рет техникалық сабақтарға қатысады.

Күнделікті: жоспарға сәйкес
Орындау мерзімі: кесте бойынша

Біліктілік талаптары:

Білімі, білімі мен біліктілігі

Білімі:

Міндетті: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) немесе орта (техникалық және кәсіптік) білім.

Білімі:

Міндетті: Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Компания) және «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» филиалының қызмет бағыты бойынша жергілікті актілерін білу.

Қалаулы: коммуникабельділік, іскерлік қасиеттер, ұжымда әріптестік қарым-қатынасты орната және қолдай білу.

Мамандығы:

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі):
Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі).

Орта (техникалық және кәсіптік):
Көліктегі тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару (салалар бойынша); теміржол көлігіндегі тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару.

Жұмыс тәжірибесі*

Қызмет бағыты бойынша:

Міндетті және қалаулы:

Жоғары білім бойынша: пойыз құрастырушы, вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеуші, бағыттамалық пост кезекшісі, тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор, сигнал беруші, станция кезекшісінің жанындағы оператор, орталықтандыру постының операторы, сұрыптау дөңесінің операторы лауазымдарында кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі.

Орта (техникалық және кәсіптік) білім бойынша: пойыз құрастырушы, вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеуші, бағыттамалық пост кезекшісі, тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор, сигнал беруші, станция кезекшісінің жанындағы оператор, орталықтандыру постының операторы, сұрыптау дөңесінің операторы лауазымдарында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі.

Қалаулы:

Басшылық лауазымдағы жұмыс тәжірибесі: талап етілмейді.

Дағдылары:

Міндетті: менеджмент және тәуекелдерді басқару жүйесінің құралдарын меңгеру; даму жоспарларын әзірлеу мен іске асыруды ұйымдастыру; Компанияның еңбек ресурстарына қажеттілігін есептеу; қойылған міндеттердің ерекшеліктерін ескере отырып, жетекшілік ететін бөлімшелердің жұмысын жүйелі түрде жоспарлау; ұзақ мерзімді жұмыс жоспарларын іске асыру және өз жұмысындағы басымдықтарды айқындау, сондай-ақ жұмыс уақытын ұтымды бөлу.

Қалаулы: әртүрлі көзқарастар арасында консенсус таба білу және сындарлы диалогты белсенді жүргізу; командада жұмыс істеу, көшбасшылық және коммуникациялық дағдыларды, көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдыларын меңгеру.

Қосымша талаптар:

Еңбек шартында көрсетілген міндеттерден басқа, қызметкердің міндеттеріне мыналар жатады:

1) еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау;

2) Компания басшылығының және тікелей басшысының тапсырмаларын орындау;

3) іскерлік этика және корпоративтік мәдениет нормаларын сақтау;

4) құпиялылық нормаларын және Филиал мен Компанияның жергілікті актілерін бұзбай, шынайы ақпаратты уақтылы ұсыну;

5) өзінің пайдалануындағы мүлікке ұқыпты қарау және оның сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;

6) жұмыс орнында қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтау;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау, комплаенс мәдениетін қалыптастыру, іскерлік беделді нығайту және Компанияға деген сенімді арттыру шеңберінде мыналарды жүзеге асыру:

а) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мен рәсімдерді қалыптастыруға және іске асыруға белсенді қатысу;

б) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын, сондай-ақ Компанияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының қағидаттары мен талаптарын сақтау;

в) жеке мүдделер Филиал мен Компанияның мүдделеріне қайшы келетін жағдайлардан немесе мән-жайлардан аулақ болу. Мүдделер қақтығысы туындаған немесе оның туындау мүмкіндігі болған жағдайда, бұл ақпаратты жазбаша түрде тікелей басшысына немесе Компанияның Комплаенс-бақылаушысына хабарлау;

г) Компания қызметкерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны немесе жасап жатқаны туралы белгілі болған кез келген фактіні Компанияның «жедел желісіне» немесе өзінің тікелей не жоғары тұрған басшысына және (немесе) Компанияның Комплаенс-бақылаушысына дереу хабарлау;

д) Компанияның қызметкерлердің этикасы мен мінез-құлқына қатысты ішкі құжаттарының нормаларын сақтау;

е) Компанияның мүдделер қақтығысының алдын алу және реттеу жөніндегі ішкі құжаттарының нормаларын сақтау;

ж) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және Компанияның жергілікті актілерінің талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауына жол бермеу және олардың алдын алу;

з) құрылымдық бөлімше жетекшілік ететін процестерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен комплаенс-саясат талаптарын енгізу;

8) «Қорғаныстың үш желісі» моделіне сәйкес Компанияның тәуекелдерді корпоративтік басқару және ішкі бақылау жүйесі шеңберіндегі функцияларды іске асыру;

9) осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген процестер мен операцияларды сапалы және уақтылы орындау;

10) қызметтік құжаттарды қарау және шешімдер қабылдау кезінде бюрократиялық көріністерге жол бермеу, бюрократия фактілері анықталған жағдайда Компанияның жергілікті актілерінде белгіленген мерзімдерде қажетті шаралар қабылдау;

11) «20» қыркүйек 2019 жылғы №14 хаттамамен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген «ҚТЖ» ҰК» АҚ және оның еншілес ұйымдары қызметкерлерінің әдеп кодексін, сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің «29» қараша 2021 жылғы №14 хаттамамен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды сақтайды;

12) өрт қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру