Атырау МГҚБ филиалы Ақкөл ЖӨБ көлік қызметінің механигі

«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Атырау» магистральдық газ құбырлары басқармасы Құрманғазы а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
11

Қаралған саны:
854

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Механик техникалық қызмет көрсету, жөндеу және автокөліктердің техникалық тексерісі бойынша құжаттаманы жүргізе алуы, автокөліктердің жағдайы мен запчастьтарға қажеттіліктері туралы есеп беруді, персоналды басқаруды, тапсырмаларды бөлуді және жұмыстардың орындалуын бақылауды, сондай-ақ басқа мамандармен командада жұмыс істей алуы, техникалық қызмет көрсету және автокөліктерді жөндеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, жол қозғалысы қауіпсіздігін және т.б. білуі, жол қозғалысы ережелерін, автокөліктердің техникалық пайдалану ережелерін және жөндеу жұмыстарын орындау кезінде еңбек қауіпсіздігі ережелерін білуі, диагностикалық жабдықпен, арнайы құралдармен және автокөліктерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету үшін қажетті басқа құралдармен жұмыс істей алуы;
    - техникалық тексерістер мен автокөліктерді техникалық қызмет көрсету регламентіне сәйкес жүргізе алуы, жұмыстардың мерзімдері мен сапасын бақылауды, диагностикалық жабдықтар мен құралдарды пайдалана отырып, автокөліктердің ақауларын анықтап, жоюды, жөндеу, тозған бөлшектерді ауыстыруды және запчастьтардың пайдаланылуын бақылауды, автокөліктің әртүрлі агрегаттарының, механизмдерінің және құралдарының тағайындалуын, құрылысын, жұмыс принципін және жұмысын білуі, соның ішінде қозғалтқыш, трансмиссия, жүріс бөлігі, тежегіш жүйесі, электр жабдықтары және т.б.
  • Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
    - автокөліктердің құрылымы мен жұмыс принциптерін терең білу, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету, жөндеу және диагностика жүргізу дағдылары. Ұйымдастырушылық қабілеттері, құжаттамамен жұмыс істей білу, коммуникация және командада жұмыс істеу дағдылары болуы керек.
  • Жарақат алған жағдайда алғашқы (алдын ала) медициналық көмек көрсету, автокөлікте алғашқы (алдын ала) медициналық көмек көрсету үшін медициналық қобдиша болуы, алғашқы өрт сөндіру құралдары; тек тапсырылған жұмысты орындау және оны рұқсатсыз басқаға бермеу, жұмыс кезінде мұқият болу, алаңдамау және басқаларды алаңдатпау, жұмыс орнына жұмыспен байланысы жоқ адамдарды жібермеу, жұмыс орнын таза және тәртіпте ұстау;
    - лауазымдық нұсқаулықта көзделген еңбек міндеттерін сапалы және уақтылы орындау;
    - іскерлік қарым-қатынас нормаларынан ауытқуға жол бермеу;

Талаптар:

  • Білім: жоғары, техникалық және кәсіби білім/ колледж
  • Сала бойынша жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан кем емес
    Басқарушылық тәжірибе: талап етілмейді.

Шарттар: