Заңгер
«Samruk Business Academy» ЖММ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
- Құрылған күні:
-
10.08.2026
- Берілген өтінім:
- 72
- Қаралған саны:
- 786
Міндеттері:
1. Құқықтық қамтамасыз ету1.1. Мекеменің қызметін құқықтық қолдауды жүзеге асырады;
1.2. Құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізуді жүзеге асырады;
1.3. Мәмілелерге, басқарушылық шешімдерге, Мекеменің актілеріне құқықтық сараптама жүргізу арқылы құқықтық тәуекелдердің туындауын алдын алады;
1.4. Мекеменің құрылымдық бөлімшелерін өз функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз етеді
1.5. Шарттардың жобаларын әзірлейді, контрагенттер ұсынатын шарттар жобаларының заңнамаға сәйкестігін тексереді, шарттар жобалары бойынша келіспеушіліктерді шешу шараларын қабылдайды;
1.6. Туындайтын құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді, құжаттарды ресімдеуде құқықтық қолдау көрсетеді.
2. Ішкі рәсімдер мен регламенттерді әзірлеу
2.1. Ішкі нормативтік құжаттарды әзірлейді, келіседі, олардың өзектілігіне мониторинг жүргізеді және қажет болған жағдайда оларға өзгерістер енгізуді бастамашылық етеді.
3. Сотқа дейінгі талап-арыздық сүйемелдеу
3.1. Талап-арыздық және сот жұмысына жетекшілік етеді, шарттық дауларды сотқа дейінгі тәртіппен реттеу талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге шаралар қабылдайды;
3.2. Мекеменің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында барлық инстанциядағы атқарушылық және сот органдарында Мекеменің мүдделерін білдіреді және оның құқықтарын қорғайды;
3.3. Түскен талаптарға жауаптарды дайындайды және түскен талаптарды қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім жобаларын қабылдайды;
3.4. Контрагенттерге талап-арыздарды дайындауды, оларды жіберуді және контрагенттерге жолданған талаптардың қанағаттандырылуын бақылауды жүзеге асырады.
1. Үлгі шарттардың нысандарын әзірлеу және бекіту
1.1. Мекеменің үлгі шарттарының нысандарын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді;
1.2. Шарттарды келісу маршруттарын әзірлеуді және олардың уақытылы өзектендірілуін қамтамасыз етеді.
2. Ақпараттық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау
2.1. Ақпараттық қауіпсіздік, құпия деректер, дербес деректер мәселелері бойынша Мекеменің актілерінде көзделген талаптарды сақтайды.
3. Сапа менеджментін басқару
3.1. ISО 9001 стандартына сәйкес келетін Мекеменің сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындайды, сапа менеджменті жүйесінің дамуын және оны тұрақты жетілдіруді қамтамасыз етеді.
4. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау
4.1. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы ҚР заңнамасының талаптарын орындайды және сақтайды;
4.2. Мекемеде қолданылатын еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтардың талаптарын сақтайды.
5. Тәуекелдерді басқару және нормалар мен талаптарды сақтау
5.1. Департаменттің тәуекелдерін уақытылы анықтайды, бар тәуекелдер және оларды басқару туралы Департамент директорыны хабардар етеді;
5.2. Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шараларды сақтайды;
5.3. Қазақстан Республикасының заңнамасында және бөлімшенің қызметінде қолданылатын Мекеменің актілерінде көзделген талаптарды сақтайды.
Талаптар:
ҚР Азаматтық кодексі; ҚР Еңбек кодексі;
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» ҚР Заңы, қаржылық, әкімшілік құқық, салық заңнамасы және ҚР-ның өзге де заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;
Мекеменің қызметі үшін маңызы бар серіктес елдердің заңнамасының негіздері.
Негізгі дағдылар:
Арнайы және мамандандырылған білім:
шарттарды, келісімдерді, меморандумдарды жасасу және ресімдеу тәртібі, заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып құқықтық құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу тәртібі;
Мекеменің өндірістік-шаруашылық қызметінің бейіні, мамандануы және ерекшеліктері;
қолданылатын құқық нормасын айқындау, заңдарға сілтемелер;
құқықтық құжаттар бойынша іс жүргізу стандарттары;
дерекқорлармен жұмыс (іздеу жүйелері) сот инстанцияларының, анықтамалық жүйелер және т.б.
Дағдылар мен құзыреттер (функционалдық):
консультативтік-кеңесші органдарда, жұмыс топтарында мүдделерді білдіру;
әртүрлі сипаттағы ақпараттың үлкен көлемін талдау, проблемаларды бөліп көрсету, ақпараттың негізгі аспектілеріне шоғырлану, сондай-ақ кейіннен шешім қабылдау үшін бөлінген фактілер арасындағы себеп-салдар байланыстарын орнату;
талап-арыздық және сот жұмысы жүргізу (талап-арыздарды беру тәртібі, соттарда мүдделерді білдіру, соттарда шағымдану);
дәлелдерді құрылымдау және бағалау;
кез келген мәселені шешу тәртібі туралы жауапты тез табу және практикалық нұсқаулық беру;
жазбаша және ауызша коммуникация: іскер хат жазу және талап-арыздық жұмыс дағдылары, ойларды сауатты әрі жүйелі баяндау қабілеті.

Шарттар:
- жұмыс күні 9.00-18.30, түскі ас 13.00-14.30
- бес күндік жұмыс аптасы (5/2) екі демалыс күнімен: сенбі және жексенбі
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Орташа)
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Кәсіби)
Ұқсас вакансиялар
"Әскерилендірілген теміржол күзеті"ЖШС ӘТЖК Ақмола филиалының Астана станциясындағы атқыштар командасы жауынгерлік және арнайы даярлық бойынша функционалдық бағыттың менеджері (15 грейд)
Акмолинский филиал ТОО «Военизированная железнодорожная охрана» | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
20.08.2026 | 173
от 465 931
"Әскерилендірілген теміржол күзеті" ЖШС ӘТЖК Ақмола филиалының Астана станциясындағы атқыштар командасы жауынгерлік және арнайы даярлық бойынша функционалдық бағыттың менеджері (15 грейд)
Акмолинский филиал ТОО «Военизированная железнодорожная охрана» | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
20.08.2026 | 150
от 465 931