Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы филиалы «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» Қандыағаш жол дистанциясы Қандыағаш -Тобыл участкесінің ауа үрлегіш қондырғысының машинисті
- Құрылған күні:
-
11.08.2026
- Берілген өтінім:
- 5
- Қаралған саны:
- 128
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Жұмыс кестесінде белгіленген уақытта немесе жол диспетчерінің шақыруы бойынша жұмысқа келуге.
- Қажет болған жағдайда жұмысқа келе алмайтын болса, бұл туралы дереу жол диспетчеріне хабарлауға.
- Ауысым алдындағы медициналық тексеруден өтуге.
- Қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамадан өтуге.
- Жұмыс орнында өзімен бірге қызметтік куәлігін, еңбекті қорғау бойынша білімін тексеруден өткені туралы куәлігін, өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша куәлігін және басқа да қажетті құжаттарын алып жүруге.
- Жол диспетчері арқылы берілген басшылықтың жедел өкімдерін орындауға.
- Цех жабдықтарына күтім жасау және оның тораптары мен агрегаттарына техникалық қызмет көрсету бойынша берілген тапсырмаларды уақтылы әрі нақты орындауға.
- Ауысымды қабылдау және тапсыру кезінде, сондай-ақ жөндеу жұмыстары кезеңінде компрессорлық қондырғылар машинистерінің ауысымдық және ауысымды қабылдайтын құрамымен цехқа техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге, бұл ретте нормативтік құжаттарда және осы мәселеге қатысты жергілікті актілерде белгіленген талаптарды қатаң сақтауға.
- Арнайы тексеру мерзімі өтіп кеткен жабдықтарды пайдалануға, сондай-ақ тексеруден (поверкадан) өтпеген және тиісті таңбасы (клеймосы) жоқ болған жағдайда КИПиА құралдарын пайдалануға жол бермеуге.
- Теміржолда белгіленген өзара бақылау бойынша келіссөздер жүргізу регламенттерін, цехтың жұмысқа жарамдылығын бақылаудың және тексерудің басқа да белгіленген нысандарын орындауға.
- Жабдықтардың ақаулығы анықталған жағдайда оны мүмкіндігінше қысқа мерзімде жою үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға, ал ақауды белгіленген нормативтік уақыт ішінде жою мүмкін болмаған жағдайда жұмысты тоқтатуды қолдануға.
- Цехта орнатылған құрылғылар мен қауіпсіздік жүйелерінің жұмысына бөгде адамдардың араласуына жол бермеуге.
- Отын-энергетикалық ресурстарды, майлау және басқа да материалдарды үнемді жұмсауға, мүкәммалды, құрал-саймандарды және жеке қорғаныш құралдарын жарамды күйде ұстауға.
- Қозғалтқышты өшіруге, машинаны шаң мен кірден тазартуға, ылғалмай бөлгіштерден конденсатты ағызуға.
- Анықталған барлық кемшіліктер туралы журналға жазба енгізуге және бұл туралы жол диспетчеріне және бас механикке баяндауға.
- Аға компрессорлық цех машинисіне қосымша цехқа бекітілген қызметкерлерді жұмыстың озық әдістеріне үйрету, жабдықтардың, қозғалтқыштар мен компрессорлардың жұмысы мен техникалық қызмет көрсетілуін бақылау, сондай-ақ персоналдың лауазымдық міндеттерін орындауын бақылау міндеттері жүктеледі.
Біліктілік талаптары:
- БІЛІМІ ; Орта , Арнайы дайындық курысы
- ЕҢБЕК ӨТІЛІ: Еңбек өтілі талап етілмейді.
Қажетті білім дәрежесі
- Орташа білім