Болашақ станциясының жүктерді қабылдап тапсырушысы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- уысымды қабылдау кезінде станса паркіндегі және кірме жолдардағы тиелген және бос вагондардың жағдайымен танысады, тауарлық-материалдық құндылықтардың, құралдардың және т.б. жағдайына назар аударады;
- поезд келген кезде вагон инспекторымен және әскерилендiрiлген күзетпен бiрлесiп стансаның ТҚА-сына сәйкес коммерциялық және техникалық жағдайларда вагондардың жай-күйiн тексередi.
- жұмысты бастаған кезде No 1367, 2610, 2612, 4618 куәліктер бойынша вагондардың жарамдылығын тексереді.
- пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне және тасымалданатын жүктердің қауіпсіздігіне қатер төндіретін коммерциялық ақаулары бар вагондарды анықтаған кезде еркін нысандағы еңбек кітапшасына жазба және қолхат бере отырып, ГУ-23 жалпы нысандағы акт жасайды. 12 сағат ішінде жедел есеп беру. Номенклатуралық жүктердің ақауларын анықтау үшін «ВЖДО» АҚ талабы бойынша жалпы нысандағы ГУ-23 актісі жасалады.
Біліктілік талаптары:
Білімі: орта техникалық;
Мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысын және көлікті пайдалануды ұйымдастыру (темір жол көлігі), Темір жол көлігіндегі коммерциялық қызмет;
Жұмыс тәжірибесі: жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Қажетті білім дәрежесі
- Колледж