«ҚТЖ-Жүк тасымалы» - «Ақтөбе» ЖШС Қандыағаш пайдалану локомотив депосының Пайдалану цехының жылдамдық өлшегіш таспаларды тарқатып жазу жөніндегі 2-санатты инженері

331 012 - 342 666
ТЧЭ-5 КАНДЫАГАШСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ЛОКОМОТИВНОЕ ДЕПО 1 группы Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
46

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Техникалық пайдалану қағидаларының, пойыздардың қозғалысы және маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықтың, сигнал беру жөніндегі нұсқаулықтың, жылжымалы құрам тежегіштерін пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың, локомотивтік жылдамдық өлшегіштерді пайдалану және жөндеу жөніндегі нұсқаулықтың жылдамдық өлшегіш таспаларды тарқатып жазуға қатысты негізгі ережелерін білуге тиіс;
  • Жылдамдық өлшегіштің және оның жетегінің, АЛСН жүйесінің және тежегіштердің жұмыс істеу принципін білуге тиіс;
  • Бандаждың тозуына байланысты жылдамдық өлшегіштің қателіктерін есептей білуге тиіс;
  • Пойыздардың белгіленген қозғалыс жылдамдықтарының бұзылуын, тыйым салатын жол сигналдарынан өту тәртібінің бұзылуын анықтау;
  • Жылдамдық өлшегіш таспадағы жазбаларды сауатты түрде тарқатып жазу, пойызды жүргізу және автоматты тежегіштерді басқару қағидаларының бұзылуын, жылдамдық өлшегіш таспадағы қате жазбаларды, кіреберіс бағдаршамдарында кідіріп қалуды, жылдамдық өлшегіштердің, машинист крандарының және АЛСН аппаратурасының барлық ақауларын, АЛСН жүйесінің жұмысындағы іркілістерді және ЭПК-ның қысқа мерзімді ажыратылуын, қандай сигнал бойынша пойыздың жүргенін және тежелу жолының шамасын көрсете отырып, шұғыл тежеу жағдайларын анықтау;
  • Барлық жазбаларды мөртабан бойынша және тікелей тарқатып жазу барысында: уақытты, сағаттық наколдарды, жылдамдықты, тежеу қысымын, қозғалыс бағытын, ЭПК-ның және АЛСН сигналдық шамдарының қосылуы 
  • мен ажыратылуын, сондай-ақ жылдамдық өлшегіш таспалардың бүтіндігін және пайдалануға жарамдылығын, жылдамдық өлшегіш таспадағы өзге де бұзушылықтар мен кемшіліктерді бақылау;
  • ТУ-133 нысанындағы №1-12 жылдамдық өлшегіш таспаларды тарқатып жазу журналдарын жүргізу тәртібін білуге және олардың жүргізілуін қамтамасыз етуге тиіс;
  • Рейс аяқталғаннан кейін ТУ-3 ВЦ және ТУ-3а ВЦ нысандарындағы, жылдамдық өлшегіш таспамен салыстырылған, енгізілген деректердің дұрыстығы тексерілген және салыстыруды жүргізген тұлғаның қолымен расталған машинист маршруттарын одан әрі өңдеуге қабылдау;
  • Тарқатылып жазылған таспалардың дұрыс сақталуын қамтамасыз ету, жылдамдық өлшегіш таспаларды тарқатып жазу бойынша анықтамалар жасау;
  • Локомотив бригадаларының жылдамдық өлшегіш таспаларды уақтылы тапсыруын бақылауды жүзеге асыру.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) / орта (техникалық және кәсіптік).
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (локомотивтер және локомотив шаруашылығы); Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану (теміржол көлігінде); Теміржолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша).
  • Жұмыс өтілі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болған жағдайда – қызмет бағыты бойынша кемінде 3 жыл / орта (техникалық және кәсіптік) білімі болған жағдайда – қызмет бағыты бойынша кемінде 4 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж