Күрделі құрылыс және күрделі жөндеу департаментінің энергетикалық жабдықтар инженері
«Karabatan Utility Solutions» ЖШС Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Белгіленген мерзімдерде өндірістік қуаттарды, объектілерді энергиямен және энергетикалық жабдықтармен қамтамасыз ету бөлігінде пайдалануға беруді қамтамасыз ету мақсатында өз жұмысын ұйымдастыру;
- Құрылыс алаңын тұрақты энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ авариялық жағдайлардың туындау мүмкіндігін болдырмауға бағытталған іс-шараларды әзірлеу;
- Электр қондырғылары мен энергетикалық жабдықтарды қауіпсіз пайдалануды, профилактикалық қарап-тексеруді, жоспарлы-алдын ала жөндеу жұмыстарын және сынақтарды ұйымдастыру;
- Құрылыс ұйымдарының шарттық міндеттемелерді орындауын бақылау, қажет болған жағдайда шарттарда көзделген санкцияларды қолдану және талап-арыздарды ресімдеу;
- Мердігермен бірлесіп келіп түсетін жабдықтарды қоймада сақтауға қабылдауға, оның өндіруші сертификатына сәйкестігін, сондай-ақ бүтіндігін және жинақталуын (электротехникалық жабдықтар бөлігінде) тексеруге қатысу;
- Жабдықтарды монтаждау немесе орнату үшін беру кезінде олардың спецификацияға сәйкес сандық және сапалық құрамын қамтамасыз ету мақсатында бақылау жүргізу;
- Жасырын жұмыстардың орындалуын және монтаждау жұмыстарының барысын бақылау, жобалық шешімдерден ауытқуларды және құрылыс пен электр энергетикасы саласындағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарының бұзылуын анықтау және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау;
- Орындалған жұмыстардың көлемін жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестігіне тексеру, монтаждалған жабдықтардың құрылыс және электр энергетикасы саласындағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарына сәйкестігін тексеру, электр жабдықтары мен электр қондырғыларына электротехникалық сынақтардың жүргізілуін бақылау, іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізу үшін атқарушылық құжаттамамен ресімделген жұмыстарды қабылдау;
- Электротехникалық жабдықтар мен электр қондырғыларын кезең-кезеңімен баптауды және сынақтан өткізуді ұйымдастыру, электротехникалық жабдықтарды, электр қондырғылары мен агрегаттарды кешенді сынақтан өткізу барысын бақылау;
- Орындалған құрылыс-монтаждау және жөндеу жұмыстарының көлемдерін есепке алу, орындалған жұмыстар актілерін тексеру және оларға қол қою;
- Тапсырыс берушінің атынан жабдықтарды монтаждау немесе орнату үшін беру бойынша жұмыстардың техникалық қадағалауын жүзеге асыру, жабдықтардың сандық және сапалық құрамының қамтамасыз етілуін бақылау және мердігер ұйымдар орындаған аяқталған жұмыс көлемдерін қабылдау;
- Еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария бойынша белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
- Департамент жұмыскері болмаған жағдайда, өз құзыреті шегінде оның міндеттерін орындау;
- Жұмыскерлердің еңбек қатынастарын реттейтін ішкі ережелердің, ережелердің, оның ішінде лауазымдық нұсқаулықтардың жобаларын әзірлеуге қатысу;
- Өзінің құзыретіне кіретін және тікелей басшысы жүктеген, сондай-ақ Серіктестіктің ішкі құжаттарында көзделген өзге де міндеттерді орындау.
Талаптар:
- кадрларды даярлау бағытына сәйкес жоғары білім
- кемінде 3 жыл
Шарттар:
Қажетті қабілеттер
- 18. Чтение технической литературы по проектам, энергетике.
- Знание электрики
- капитальное строительство