ERP бөлімі, Кіші кеңесші

ТОО QazCloud Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
21

Қаралған саны:
176

   Конкурс туралы

Міндеттері:

SAP BPC/BW бизнес-процестерін сүйемелдеу және олардың жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету бойынша консультациялық қызметтер көрсету.
Тапсырыс берушінің бизнес-процестерін талдау және айқындау, ақпараттық жүйеге қойылатын талаптарды қалыптастыру, жүйені сүйемелдеу шарты шеңберінде жүйені модификациялау бойынша шешімдерді әзірлеу, сондай-ақ клиенттің процестерін жүргізу.
Жобалық шешімдерді, функционалдық спецификацияларды және техникалық тапсырмаларды әзірлеу.
Концептуалдық жобаға сәйкес клиенттің бизнес-процестерін жүргізу үшін бағдарламалық өнімді баптау және тестілеу жұмыстарын орындау.
Бағдарламалық өнімнің негізгі бизнес-пайдаланушыларын оқыту.
Процестердің уақтылы орындалуын қамтамасыз ету үшін жүйені сүйемелдеу шарты шеңберінде пайдаланушыларға кеңес беру.
Жүйенің функционалдық мүмкіндіктерін баптау және тестілеу, сондай-ақ нұсқаулықтарды әзірлеу, пайдаланушыларды оқыту және оларға кеңес беру.
Тапсырыс берушінің сұрауы бойынша шарт шеңберінде пәндік саладағы бизнес-процестерді жақсарту мақсатында бизнес-процестерді талдау және оңтайландыру.
Пайдаланушылардың өтініштерін уақтылы жабу үшін сүйемелдеу шарты шеңберінде қолдау қызметімен (service manager) өзара әрекеттесу.
Қажетті жұмыстарды құрылымдау және нақты орындау үшін шарт шеңберінде жобалық құжаттаманы әзірлеу, жүргізу және келісу.

Талаптар:

Міндеттерді қою дағдылары, оның ішінде ABAP әзірлеушілеріне арналған міндеттер;
ABAP кодын түсіну және талдау;
АТ саласындағы әлемдік тәжірибелер мен стандарттарды білу;
Командада жұмыс істеу, өз жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру дағдылары;
Нормативтік, техникалық және пайдалану құжаттарын, 
презентациялық материалдарды дайындай білу;
Керемет коммуникативтік дағдылар;
Бизнес-процестерді модельдеу;
Міндеттерді жазу дағдылары, оның ішінде әзірлеушілерге арналған міндеттерді қою;
Тілдерді білу:
қазақ тілі, орыс тілі - еркін меңгеру
ағылшын тілі - құжаттарды түсіну және оқу.
MS office (MS Project) білу.
Қазақстан Республикасының кәсіпорындардың өндірістік және қаржылық-экономикалық қызметін регламенттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілерін білу.

Шарттар:

- жұмыс кестесі: 09:00 - 18:30 дейін
- мед. сақтандыру
- жеткізу (тасымалдау)

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр