Бюджеттеу және экономикалық зерттеулер басқармасының инженері (аутстаффинг, уақытша)
Филиалы «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» Ақтау қ.Міндеттері:
-
- Филиалдың қаржылық, басқарушылық, статистикалық және салықтық есептілігін дайындау үшін деректерді уақытылы ұсынуды қамтамасыз ету.
-Бастапқы құжаттарға сәйкес барлық бухгалтерлік операцияларды есепке алу жүйесінде дәл көрсету және бастапқы құжаттарды дұрыс ресімдеу;
-Жеткізушілермен ОС/НМА есебін және тауарлық-материалдық қорлар есебін жүргізу;
-Бастапқы құжаттаманы қабылдау және бақылау, құжаттарға әрі қарай есептік өңдеу жүргізу, сондай-ақ олардың қозғалысына байланысты операцияларды бухгалтерлік есепте уақытылы көрсету;
-Өз жұмыс учаскесіне тиесілі барлық шоттар бойынша аналитикалық есепті енгізу, қоймалардағы кредиторлық берешектің, ОС/НМА және ТМҚ қозғалысына қатысты ай сайынғы бухгалтерлік есептілік нысандарын жасау;
-Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер бойынша операцияларды өңдеу және жабу (келіп түсу, орын ауыстыру, есептен шығару, құнсыздану), амортизацияны есептейді, бастапқы құжаттаманы қабылдау және бақылауды жүзеге асырады (накладнойлар, қабылдау-тапсыру актілері, шот-фактуралар) және оларды өңдеуге дайындайды;
-Есептілікті құрастыру үшін деректерді дайындау және келісілген нысандарға сәйкес талаптар мен сұраулар бойынша негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің бар-жоғы мен құны туралы жедел деректерді ұсыну;
-Пайдалы қызмет мерзімін айқындау және қайта қарау, бастапқы құнын өзгерту, сондай-ақ негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің есептен шығуына қатысты Комиссия отырысына материалдар дайындау;
-Кредиторлық берешекке мониторинг және талдау жүргізу, Филиалдың кредиторлық берешегін оңтайландыру үшін қажетті іс-шараларды жүргізу