Көлік және коммуникациялар департаментінің көлік активтері секторының аға менеджері

«Самрук-Қазына» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
6673

   Конкурс туралы

Міндет:

  • ПК-нің даму стратегиясына сәйкес ПК дамуының стратегиялық бағыттарын, сондай-ақ стратегиялық, оның ішінде салалық КПД-ларды, портфельдік компанияның бизнес-жоспарын әзірлеуге, қалыптастыруға және өзектендіруге қатысады;
  • Қол жеткізілген нәтижелердің мониторингі;
  • Қордың ПК-ға қатысты стратегиялық бастамаларын іске асыруды қамтамасыз етуге қатысады; ПК қызметіндегі проблемалық мәселелерді айқындайды және оларды шешу бойынша ұсынымдар әзірлейді;
  • Қордың ПК-ға қатысты стратегиялық бастамаларын іске асыруды қамтамасыз етуге қатысады; ПК қызметіндегі проблемалық мәселелерді айқындайды және оларды шешу бойынша ұсынымдар әзірлейді;
  • Қордың уәкілетті органдарының, оның ішінде Қордың Директорлар кеңесінің,
  • Қордың Басқармасының, инвестициялық-стратегиялық комитетінің және Қордың басқа да органдарының, ПК ДК/БК және т.б. қарауына шығару үшін бейінді салалық сараптаманы талап ететін мәселелер бойынша материалдар мен ұсынымдар қалыптастырады;
  • Акционердің мүдделеріне және Қор мен ПК Стратегиясына сәйкестігін тексеру мақсатында салалық талдау мен макроэкономикалық болжамды, сондай-ақ ПК мен Қордың стратегиялық және инвестициялық құжаттарын пайдалана отырып, ПК-ның инвестициялық жобаларын талдауға және мониторингтеуге қатысады;
  • Қордың ПК-ға қатысты стратегиялық бастамаларын іске асыруды қамтамасыз етуге қатысады;
  • Дирекцияның құзыреті шеңберінде ПК-ны IPO/SPO-ға дайындау жөніндегі Жол карталарына сәйкес іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.

Талаптары:

  • Бейінді салаларда жоғары кәсіптік білімінің болуы: іскерлік әкімшілендіру / қаржы / экономика / инвестицияларды басқару немесе менеджмент, стратегия немесе қаржы саласында жұмыс тәжірибесі расталған техникалық / инженерлік білім;
  • Мүмкіндігінше стратегия және/немесе қаржы саласында сертификаттаудың болуы: SMP / CFA / CFM / ACCA / CMA / CIMA немесе қызмет бағыттарына сәйкес келетін өзге де сертификаттау;
  • Мүмкіндігінше халықаралық бизнес-мектептерде/университеттерде алған MBA/MSc дәрежесінің болуы;
  • Бейінді салалардағы жұмыс тәжірибесі 10 жылдан кем емес – ұлттық әл-ауқаттың жетекші қорында (активтерді басқару бойынша топ-20) немесе тікелей инвестициялардың жетекші қорында / инвестициялық банкте / ірі әртараптандырылған холдингтік өндірістік/инвестициялық компанияларда және/немесе «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында активтерді басқару / стратегия және бизнесті дамыту / инвестициялар / қаржы / экономика;
    Активтердің құнын арттыру және қайта құрылымдау бойынша жобаларға қатысу тәжірибесі (мысалы, компаниялар құрылымын, шығыстарды және капитал құрылымын оңтайландыру);
  • Күрделі инвестициялардың, бірігу және қосып алу, сатып алу-сату, активтерді беру, мәмілелерді басқару мәмілелерінің ірі жобаларын іске асыруға қатысу тәжірибесі;
  • Проблематиканың кең спектрін және басқарылатын ресурстарды тұрақты оңтайландыру қажеттілігін қамтитын кешенді жобаларды басқару саласындағы тәжірибені қоса алғанда, қызметтің бейінді бағыттары бойынша ұлттық әл-ауқат жетекші қорында (активтерді басқару жөніндегі топ-20) немесе тікелей инвестициялардың жетекші қорында / инвестициялық банкте / ірі әртараптандырылған холдингтік өндірістік/инвестициялық компанияларда және/немесе «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында басқарушылық тәжірибесі болғаны абзал.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташа)
  • Қазақ тілі (Орташадан жоғары)
  • Орыс тілі (Орташадан жоғары)

Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет

  • Жобаларды басқару
  • Көлік және теміржол