«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Жаңаөзен теміржол станциясының бастығының орынбасары

от 668 311
Мангистауское отделение магистральной сети Маңғыстау облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
14

Қаралған саны:
229

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Станция қызметкерлерінің жұмыс орнында және кірме жолдарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және өндірістік санитария талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
  • үнемдеу режимінің сақталуын, материалдық ресурстарды ұтымды әрі тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.
  • қоғамның жергілікті актілерінде белгіленген тәртіппен станция жұмысының сапалық және сандық көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
  • кірме жолдарға вагондарды уақтылы беру мен әкетуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ жүктерді үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша теміржол көлігінің басқа кәсіпорындарымен, жүк жөнелтушілермен және жүк алушылармен жедел өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
  • бекітілген станциялар бойынша қозғалыс қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі барлық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.
  • жоспарлы кеңестер барысында қызметкерлердің ауысым алдындағы медициналық тексеруден өтуін тексереді.
  • тежеуіш табандықтарының және вагондарды бекіту құрылғыларының болуы мен жарамдылығын тексереді, кемшіліктер анықталған жағдайда оларды жою шараларын қабылдайды (айына бір рет, акт рәсімдей отырып).
  • филиал қызметкерлерімен бірлесіп, пойыздарды қабылдау және жөнелту, маневрлік жұмыстарды жүргізу, вагондарды бекіту кезінде станция кезекшісі, пойыз машинисі және станция қызметкерлері арасындағы келіссөздердің дұрыс жүргізілуін тексереді.
  • станцияның жүк жұмысы туралы ақпараттық хабарламалардың АСОУП және АСУ ДКР жүйелеріне уақтылы, дұрыс және сапалы дайындалып, берілуіне бақылау жасайды.
  • станция кезекшілерінің, ДСП жанындағы операторлардың, пойыз құрастырушыларының, белгі берушілердің, тауар кассирлерінің, жүк қабылдап-тапсырушыларының, тасымалдау құжаттары жөніндегі операторлардың және вагондарды есепке алу операторларының кезекшілік кестесінің сақталуын бақылайды.
  • цех қызметкерлерінің еңбек демалысы кестесінің сақталуын және медициналық куәландырудан уақытылы өтуін бақылайды.
  • поездық және техникалық құжаттаманы әр онкүндік сайын тексереді, журналдарға белгі қояды, бұзушылықтар анықталған жағдайда тексеру актісі мен талқылау хаттамасын рәсімдейді.
  • жүк жөнелтушілерді жүктерді тасымалдау қағидалары мен шарттары, шарттарды және тасымалдау құжаттарын ресімдеу тәртібі, тасымалдау мен қосымша қызметтердің ақысы, тасымалдаушымен есеп айырысу қағидалары және шарт талаптары сақталмаған жағдайда қолданылатын санкциялар туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.
  • қозғалыс қауіпсіздігі, еңбекті қорғау талаптарының бұзылуы және тасымалданатын жүктердің сақталмауы фактілері бойынша жедел талдауларды ұйымдастырады және жүргізеді, қажетті материалдарды ресімдеуге жауапты болады.
  • қызметкерлердің өндірістік және технологиялық тәртіпті сақтауын, лауазымдық міндеттерін толық көлемде орындауын, еңбек қорғау, өрт және электр қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын сақтауын бақылайды.
  • ай сайын станциядағы қозғалыс қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және жүк жұмысының жай-күйіне талдау жүргізеді.
  • компанияның жергілікті актілерінде белгіленген тәртіпке сәйкес комиссиялық айлық тексерулердің ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
  • Мамандығы: «Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» (теміржол көлігі).
  • Жұмыс өтілі: кемінде 5 жыл, оның ішінде өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы лауазымында кемінде 2 жыл немесе станциялық/маневрлік диспетчер, сыныптан тыс, 1 немесе 2-сыныпты станцияның кезекшісі лауазымында кемінде 3 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы