тасымалдау құжаттарын өңдеу операторы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
• Кезекшілікті қабылдау кезінде станциялық орталықтың операторы жұмыс басталғанға дейін 30 минут бұрын кезекшілікке келуге міндетті, белгіленген үлгідегі нысанды киіммен (арнайы киім және арнайы аяқ киім, сигналдық жилет) киінуі тиіс. Киім қозғалысқа кедергі келтірмейтіндей болуы, ал түймелері тағылған болуы керек.• Өзімен бірге қызметтік куәлігін, еңбекті қорғау жөніндегі куәлігін, сигналдық жилетін, қараңғы уақытта қолдануға арналған қол шамын алып жүреді;
• Мақсатты нұсқамадан өтеді, станциялық орталықтың кітаптары мен журналдарындағы жазбалармен, қолданыстағы станциялық орталықтың орналасу сызбасымен танысады;
• Құжаттардың вагоннан ажыратылып кетуіне және керісінше жол бермейді;
• Жалпы желілік станциялық вагондар мен контейнерлерді түгендеуге қатысады;
• Түгенделген вагондар мен контейнерлердің санын 5065, 1672 анықтамаларымен (станциядағы нөмірлер бойынша) салыстырып тексереді;
• ДУ-1, ДУ-1Л нысанындағы жүк және жолаушылар пойызының натурлық парағының барлық бөлімдері мен бағандарын білуге міндетті;
• Пойыздың ДУ-1 нысанындағы натурлық парағын, АСУПС бағдарламасы бойынша ТТНЛ-ды сапалы әрі уақтылы ресімдейді, байланыс болмаған жағдайда қолмен жасайды;
• Қажет болған жағдайда телеграмма жібереді және ГУ-23 нысанындағы жалпы нысандағы актіні (АОФ) сапалы ресімдейді;
• Тауар кассасынан құжаттар түскен кезде АСУПС арқылы ЭО постының СТЦ операторына (жинақтаушыға немесе ДСП тобының операторына) шығуға арналған наряд жібереді. Нарядта СМГС-та көрсетілген ерекше белгілерді, сондай-ақ габариттен тыс және қауіпті жүктер бойынша белгілерді көрсетеді және шығуға арналған жеке наряд береді;
• Барлық құрамдарды және тасымалдау құжаттарын 1520 мм жолтабан бойынша сегіз таңбалы нөмірмен және 1435 мм жолтабан вагондары бойынша жеті таңбалы нөмірмен тексереді;
• Орналастырылған ТТНЛ мен натурлық түгендеуге сәйкес тасымалдау құжаттарын сапалы іріктеп, салыстырып тексереді, күнтізбелік мөртабан қояды;
• Қолданыстағы нұсқаулыққа сәйкес АСОУП бағдарламасы бойынша (02 хабарлама) жүк және жолаушылар пойыздарын пойыз нөмірлерін бере отырып қалыптастырады.
Біліктілік талаптары:
Білімі:орта (техникалық және кәсіптік)
Саладағы мамандығы:
Көліктегі тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару (салалар бойынша);Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару.
Жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж