Қазығұрт газ шаруашылығының 4-дәрежелі автокөлік жүргізушісі

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалы Қазығұрт а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
63

   Конкурс туралы

Құрметті ізденуші!  

Біздің компанияға қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет.

Бос орынға жауап бермес бұрын конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және т.б. туралы ұсынылатын деректердің анықтығына ізденуші жауапты болады.
  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоғы туралы анықтама беру қажет.
  3. Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қадағалауыңызды сұраймыз.

Төменде сіз жарияланған бос орнымен таныса аласыз.

Міндеттері

  1. Автомобильді (арнайы техниканы) желіге шығар алдында және базаға қайтып келгеннен кейін күнделікті техникалық қарап-тексеру. Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарына жеке қатысу. Автомобильді апатсыз, бірқалыпты және қауіпсіз басқаруды, жолаушылардың өмірі мен тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету.
  2. Автокөлік қызметінің басшылығы бекіткен ауысымдық жұмыс кестесі мен өндірістік тапсырмаларға қатаң сәйкес жұмыс орындау.
  3. Жұмыс барысында аспаптар мен датчиктердің көрсеткіштерін, сондай-ақ автомобильдің техникалық жай-күйін тұрақты бақылау. Ақаулар анықталған жағдайда авариялық бұзылулардың алдын алу мақсатында жұмысты дереу тоқтату және механикке хабарлау.
  4. Желіге шығар алдында диспетчерден жол парағын уақтылы алу, ауысым алдындағы (рейс алдындағы) медициналық қарап-тексеруден міндетті түрде өту және ЖЖМ-ға арналған жанармай құю талондарын (карталарын) алу.
  5. Жанармай мен майлау материалдарының үнемді жұмсалуын бақылау, бекітілген техниканы пайдалану кезінде ЖЖМ шығысының белгіленген нормаларын сақтау.
  6. Жол парағына мәліметтерді нақты және уақтылы енгізу: жолға шығар және қайтып келген кездегі одометрдің (спидометрдің), мотосағат есептегіштерінің көрсеткіштерін, сондай-ақ ЖЖМ құю және олардың қалдықтары туралы мәліметтерді көрсету.
  7. Ауысым (рейс) аяқталғаннан кейін дұрыс ресімделген жол парақтарын АТҚ диспетчеріне уақтылы тапсыру.
  8. Кез келген техникалық ақаулар, жол-көлік оқиғалары (ЖКО), желідегі төтенше жағдайлар немесе техниканы бөгде адамдардың рұқсатсыз пайдалану әрекеттері туралы механикке, АТҚ бастығына және диспетчерлік қызметке дереу хабарлау.
  9. Жол жүрісі қағидаларын, жүктерді тиеу және бекіту қағидаларын, сондай-ақ еңбекті қорғау талаптарын сақтай отырып, сапарларды орындау.
  10. Автокөлік қызметі басшылығының жүргізушінің біліктілігіне сәйкес келетін, сондай-ақ АТҚ туралы ережеде көзделген өзге де жедел тапсырмаларын орындау.

Қойылатын талаптар

Білімі: жалпы орта білім және тиісті санаттағы көлік құралдарының жүргізушісі біліктілігі бойынша кәсіптік оқудан (даярлау/қайта даярлаудан) өту.

Жұмыс өтілі: автомобиль жүргізушісі лауазымында кемінде 1 (бір) жыл жұмыс өтілі.

Жүргізуші куәлігі: Қазақстан Республикасында берілген, бекітілген көлік құралына сәйкес тиісті санаттағы («B», «C», «D», «CE» және т.б.) көлік құралдарын басқару құқығына арналған қолданыстағы жүргізуші куәлігінің болуы, сондай-ақ медициналық қарсы көрсетілімдердің болмауы.

Біліктілік талаптары: жұмысқа жіберу үшін міндетті қолданыстағы біліктілік куәліктерінің (куәліктердің) болуы:

  • газ тарату жүйесінің қауіпті өндірістік объектілерінде жұмыс істеген жағдайда — өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы білімін тексеру туралы куәлік;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімін тексеру туралы куәлік.



 

Қажетті білім дәрежесі

  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Орташадан жоғары)