Бизнес-даму қызметінің басшысы

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
12

Қаралған саны:
449

   Конкурс туралы
Білім беру:  жоғары

Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі:
Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде 5 жыл;
Ұйымның қызмет бейініне сәйкес келетін қызмет түрі бойынша (ең дұрысы КМГ тобының компанияларында және/немесе оларға аффилиирленген ұйымдарда) кемінде 4 жыл;
Құрылымдық бөлімше басшысы немесе оның орынбасары лауазымдарында (ең дұрысы КМГ тобының компанияларында және/немесе оларға аффилиирленген ұйымдарда) кемінде 3 жыл; орындаушыларға/орындаушылар тобына басшылық ету тәжірибесінің болуы.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер мен дағдылар:
1. КМТФ өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер;
2. Қазақстан Республикасындағы теңіз көлігі саласын дамытудың басым бағытын айқындайтын республикалық, өңірлік және жергілікті мемлекеттік билік және басқару органдарының актілері мен қаулылары;
3. «Самұрық-Қазына» ҰБ» АҚ-ның нормативтік құжаттарына қойылатын талаптар және КМТФ-тің сатып алу рәсімдерін реттейтін ішкі құжаттары;
4. маркетинг негіздері, маркетинг құралдары, маркетингтік зерттеу әдістері, маркетингтік стратегия түрлері, бәсекелестік талдау әдістері, Компанияның ішкі маркетингтік аудит әдістері;
5. баға белгілеу негіздері;
6. өнімдік аналитика негіздері;
7. деректерді өңдеу әдістері.
8. мемлекеттік тіл;
9. ағылшын тілі Business English – upper intermediate level деңгейінен төмен емес.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер: 
1. СРБ негізгі міндеттеріне сәйкес СРБ қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру;
2. көрсетілетін қызметтер үшін клиенттерді іздеу және тарту, КМТФ қызметтері бойынша шарттар жасасу;
3. клиенттермен, брокерлермен, агенттермен, кеме иелерімен, серіктестермен және т.б. жұмыс жүргізу, келіссөздер жүргізу;
4. КМТФ стратегиялық жоспарлары мен міндеттерін іске асыру барысын мониторингтеу және талдау;
5. КМТФ ағымдағы жағдайы мен даму перспективаларын мониторингтеу және талдау;
6. PR, әлеуметтік желілер, сайт бөлігіндегі жұмысты бақылау;
7. теңіз саласын/КМТФ дамыту концепциясын әзірлеу, КМТФ жобалары және оларды іске асыру бойынша жоспар-кестелерді ұйымдастыру және әзірлеу бойынша ұсыныстар әзірлеу, оларды өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
8. КМТФ-тің маркетингтік стратегиясын құру және іске асыру;
9. теңіз көлік қызметтері нарығында КМТФ қызметтерін жүзеге асыру және ілгерілету, оның ішінде көрмелер өткізу, жарнамалық науқандар және таргетинг арқылы; КМТФ-тің жарнамалық және көрмелік қызметін ұйымдастыру және бақылау; жарнамалық науқандарды әзірлеуден бастап іске асыруға дейін жүргізу;
10. клиенттерге қызмет көрсету саласында қызметтің заманауи әдістерін әзірлеуді қамтамасыз ету, клиенттермен «кері байланыс» ұйымдастыру, олардың сұранысы мен ұсыныстарын талдау, мониторингтеу және зерттеу жүргізу, коммуникацияларды құру және мақсатты аудиториямен жұмыс істеу;
11. флоттың техникалық пайдаланылу жағдайларын жақсартуға және теңізде жүзу қауіпсіздігін арттыруға бағытталған шараларды әзірлеуді және жүзеге асыруды қамтамасыз ету, кеме жасау және кеме жөндеу бойынша нормативтік құжаттардың талаптарын сақтау;
12. КМТФ пен кеме жасаушылардың, кеме жөндеу верфтерінің арасындағы байланысты ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, кемелердің құрылысы, жаңғыртылуы және қайта жабдықталуы кестесінің сақталуын және олардың жасалу сапасын бақылауды қамтамасыз етеді;
13. КМТФ басқа құрылымдық бөлімшелерімен және үшінші тарап ұйымдармен бірлесіп КМТФ кемелерін жобалау, салу, жаңғырту және қайта жабдықтау бойынша техникалық ұсыныстарға арналған тапсырмаларды дайындауды қамтамасыз ету;
14. судостроение және судоремонт мәселелері бойынша КМТФ міндеттерін іске асыруды, жаңа техника мен технологияны енгізуді қамтамасыз ететін функциялардың орындалуын бақылау;
15. жобалау ұйымдарымен, кеме жасау кәсіпорындарымен, жіктеу қоғамдарымен және өзге де кәсіпорындармен, ұйымдармен судостроение және судоремонт мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
16. КМТФ өкілі ретінде кемелер мен теңіз құрылыстарын жобалау, салу, жаңғырту және қайта жабдықтау барысына техникалық қадағалауды жүргізуді қамтамасыз ету.

Қажетті білім дәрежесі

  • Маман