Автожоғары көтергіш машинисті (көтеру биіктігі 15-тен 25 м-ге дейін) «Бейнеу» ЛПДС

«ҚазТрансОйл» АҚ Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
9

Қаралған саны:
158

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1) қондырғы орнатылған автокөлікті басқару;

    2) АГП (өндіруші зауытының) пайдалану нұсқаулығына сәйкес адамдармен бірге люльканы көтеру, түсіру және орын ауыстыруға байланысты барлық операцияларды орындау;

    3) АГП күйі туралы техникалық параметрлерді енгізе отырып кезекшілік журналын жүргізу;

    4) гидравликалық көтергіш пен автокөліктің шассиі бойынша техникалық қызмет көрсетуге арналған регламенттік жұмыстарды орындау;

    5) жұмыс-люлькадағы жұмысшыларды көтеру, түсіру және орын ауыстыру бойынша өндірістік тапсырмаларды уақытылы әрі сапалы орындау;

    6) ауысымды қабылдау және тапсыруға байланысты жұмыстарды орындау, жұмысқа уақытылы дайындалу және өз жұмыс орнын, жабдықты, құралдарды, саймандарды, бейімдемелерді жинастыру, сондай-ақ олардың тиісті күйде болуын қамтамасыз ету. Тікелей жұмыс жетекшісі (өкім/тапсырма) айқындаған жұмыстарды ғана және сол көлемде орындау, орындалған жұмыс туралы тікелей жұмыс жетекшісін хабардар ету. Жағдай болмаған кезде (ауру, демалыс) немесе мемлекеттік міндеттерге тартылған кезде автокөлік және арнайы техника бойынша жетекші механикті хабардар ету, оған бекітілген автокөліктің кілттерін және қажетті құжаттаманы тапсыру;

    3) жұмыс орнын таза ұстау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын дұрыс қолдану және қауіпсіздікке арналған бейімдемелерді пайдалану. Арнайы киімді және басқа да қорғаныс құралдарын қолдану, еңбек етудің қауіпсіз тәсілдерін пайдалану;

    7) жұмыстарды қауіпсіз әдістермен және тәсілдермен орындау бойынша оқудан өту, қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша нұсқама алу, жұмыс орнында тағылымдамадан өту және қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша білімін тексеру. Міндетті алдын ала (жұмысқа қабылданған кезде) және мерзімді (еңбек қызметі барысында) медициналық тексерулерден (қарап-тексеруден) өту;

    8) нақты тапсырма алғаннан кейін ғана жұмысқа кірісу. Жұмыс басталар алдында жұмыс орнын тексеру, қорғаныс құралдарының, бейімдемелердің, қоршау құрылғыларының, құралдың, бақылау және қауіпсіздік аспаптарының, еңбек заттарының бар-жоғын, толықтығын және ақаусыздығын тексеру; тапсырылған жұмысты қауіпсіз орындау мүмкіндігі тұрғысынан анықталған кемшіліктерді жою, ал мүмкін болмаған жағдайда тікелей басшыға хабарлау. Жауапты ИТР-сыз (инженер-техникалық қызметкер) қауіптілігі жоғары жұмыстарды бастамау және орындамау, наряд-рұқсаттар мен жазбаша рұқсаттар бойынша газға қауіпті жұмыстарды және от жұмыстарын өндіруге арналған рұқсаттарды орындамау;

    9) өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға туралы немесе денсаулығының нашарлауына (оның ішінде кәсіби аурудың (уланудың) белгілері байқалғаны туралы) дереу тікелей жұмыс жетекшісіне немесе өндірістік объектінің басшысына хабарлау. Төтенше жағдайдың дамуын шектеу және оны аварияны жою жоспарына сәйкес жою үшін қажетті шараларды қабылдау;

    10) еңбек міндеттерін орындауына байланысты оған белгілі болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария етпеу;

    11) жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын, жол қозғалысы ережелерін, жабдықты пайдалану ережелерін, өрт қауіпсіздігін, өндірістік санитарияны және өнеркәсіптік қауіпсіздікті білу және сақтау. Еңбек тәртібін және ішкі еңбек тәртіптемесі ережелерін сақтау;

    12)жобалық параметрлер мен жабдықты және технологиялық процестерді пайдалану режимдерінен белгіленген талаптардың бұзылуы мен ауытқуларын анықтаған кезде дереу тікелей басшыны хабардар ету, шаралар қабылдау және аварияны жою жоспарына көзделген әрекеттерді орындау;

    13) Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерінің және жұмыс берушінің еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, жол қозғалысы қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, санитария және гигиена бойынша актілерінің талаптарын орындау.

    14) маршруттан ауытқуға жол бермеу, жол парағын толтырудың дұрыстығы мен толықтығын қамтамасыз ету, тапсырыс берушілердің қолтаңбалары мен мөрлерінің болуы, рейске дейінгі және рейстен кейінгі медициналық тексерулерден өткендігі туралы мөртаңбалардың және автокөлік және арнайы техника бойынша жетекші механиктің тиісті жазбаларының болуы; GPS-терминалдардың жұмысына араласуға, механикалық зақымдануларға және GPS-терминалға рұқсатсыз қол жеткізуге жол бермеу; АТС отын багында ЖСМ-ді (жанармай-май материалдарын) алу, жұмсау және сақтау; өз қызметін жүзеге асыру барысында ҚР жол қозғалысы ережелерін қайталай бұзуға, сондай-ақ ҚР заңнамасында және Қоғамда қолданылатын нормативтік актілерде еңбек шартын бұзу үшін негіз болып табылатын, ауыр салдарға әкелген немесе әкелуі мүмкін бұзушылықтарға, соның ішінде жарақаттар мен аварияларға жол бермеу;

Талаптар:

  • Сәйкес санаттағы жүргізуші куәлігі және кәсіп бойынша оқытылған – автогидрокөтергіш машинисі, сондай-ақ осы мамандық бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
  • жүргізуші куәлігі B, B1, C, C1, Е, D санаттары.

  • Жасы – 25 жастан кем емес.

    Көлік құралдары иелерінің міндетті азаматтық-құқықтық сақтандыру жүйесі бойынша класс – 10-сыныптан төмен емес.

    Үміткерлердің Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінен жол қозғалысы саласында жүйелі әкімшілік құқық бұзушылықтардың жоқтығын, оның ішінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтардың жоқтығын растайтын анықтаманы ұсынуы.

Шарттары:

  • Конкурс негізінен Маңғыстау облысының тұрғындары арасында өткізіледі. Жергілікті еңбек нарығында лайықты үміткерлер болмаған жағдайда екінші кезекте басқа өңірлердің үміткерлері қарастырылады.