Бюджеттік жоспарлау департаменті директорының орынбасары
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Құрметті үміткер!
Біздің компаниямызға білдірген қызығушылығыңыз үшін алғыс айтамыз.
Вакансияға жауап бермес бұрын, конкурсқа іріктеудің міндетті шарттарымен танысып шығуыңызды сұраймыз:
- Берілген деректердің (білім, жұмыс тәжірибесі, дағдылар және т.б.) дұрыстығына үміткер жауап береді.
- Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқ екендігі туралы анықтама ұсыну қажет.
- Сізден жеке кабинетте тиісті хабарламаларды қадағалап отыруды сұраймыз.
Төменде жарияланған вакансиямен таныса аласыз.
Міндеттері:
- Қоғамның Бизнес-жоспарын (түзетулерін, өзгерістерін) қалыптастыру және бекіту;
- Қоғам басшылығына бюджеттік жоспарлау мәселелері бойынша талдамалық және анықтамалық-ақпараттық материалдар ұсынады;
- Пайдаланылмаған резервтерді анықтау мақсатында жасалған шығындардың құрылымы мен тиімділігін талдайды, өндіріс тиімділігін арттыру және Қоғамның негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту бойынша ұсынымдар дайындайды;
- Департамент қызметін реттейтін нормативтік құжаттарды әзірлеуді және енгізуді ұйымдастыру (Департамент туралы ереже, Департамент қызметкерлерінің барлық санаттары бойынша лауазымдық нұсқаулықтар);
- Капиталдық салымдарды, материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануға қатысты іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу, Қоғам ресурстарын оңтайлы пайдалану кезінде үнемдеу режимін қамтамасыз ету, көрсетілетін қызметтердің рентабельділігін арттыру, пайданы ұлғайту, шығындар мен өндірістік емес шығындарды жою;
- Өз құзыреті шегінде Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне және өндірістік филиалдарға әдістемелік көмек көрсету;
- Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қоғамда шығарылатын құжаттар мен актілерді келісу (визалау).
Талаптар:
- Білімі – жоғары экономикалық;
- Мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл;
- Білу - ҚР Салық кодексі; Қазақстан Республикасының «Газ және газбен жабдықтау туралы», «Табиғи монополиялар туралы», «Самұрық-Қазына» АҚ тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың бірыңғай қағидалары және акцияларының (қатысу үлестерінің) 50 және одан да көп пайызы «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тікелей немесе жанама тиесілі болатын ұйымдар үшін меншік құқығына немесе сенімгерлік басқаруға», сондай-ақ табиғи монополиялар саласындағы өзге де нормативтік-құқықтық актілер;
- Мемлекеттік тілді білу.
Шарттар:
- ҚР ЕК сәйкес ресімдеу.
- Екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы – сенбі және жексенбі.
Ұқсас вакансиялар
Бас менеджер-бағыт жетешісі Бухгалтерлік және салықтық есеп департаменті АО Казпочта
«Қазпошта» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
13.08.2026 | 716
Экономика және тарифті қалыптастыру бөлімінің бас маманы (УАҚЫТША ЛАУАЗЫМ)
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Қарағанды өндірістік филиалы | Еңбекпен толық қамтылу
| Қарағанды қ.
31.07.2026 | 7854