Жоба менеджері (2 бірлік) аутстаффинг Астана қаласы

KAP Technology Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
8

Қаралған саны:
113

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

• Пайдалану департаментінің жобаларын іске асырудың барлық сатыларында - объектілерді бастамалаудан және тексеруден бастап жүйелерді пайдалануға енгізуге дейін сүйемелдеу; • Серіктестіктің және "Қазатомөнеркәсіп "ҰАК" АҚ-ның жоспарлы құжаттары шеңберінде іске асырылатын Пайдалану департаментінің өзге де жобаларын сүйемелдеу; • талаптарды жоспарлау, жинау және ресімдеу; функционалдық және техникалық талаптарды анықтау және бизнес-процестердің иелерімен келісу, іске асырылуын және баламалы шешімдерді бағалау; • жобалық құжаттаманы, жоспар-кестелерді, техникалық тапсырмалар мен техникалық ерекшеліктерді қалыптастыру және жүргізу; • сатып алу рәсімдеріне қатысу және жобаларды шарттық сүйемелдеу; мердігерлік ұйымдардың міндеттемелерді орындауын бақылау; • жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге және бақылауға қатысу; • Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінің, ЕТҰ, мердігерлік ұйымдар мен техникалық мамандардың өзара іс-қимылын үйлестіру; • жобаларды іске асыру барысында мерзімдерді, бюджетті, тәуекелдерді және өзгерістерді басқару; оңтайландыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; • негізгі кезеңдерді бақылау мен ауытқуларды басқаруды қоса алғанда, бекітілген бюджет шегінде және талап етілетін сапа деңгейімен белгіленген мерзімде жобалардың мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ету; • жобалардың іске асырылу барысын мониторингілеу, басшылыққа арналған есептік және талдамалық материалдарды дайындау; • ЕТҰ объектілеріне, өндірістік алаңдарға және вахталық поселкелерге жұмыстарды тексеру, енгізуді бақылау және қабылдауға қатысу мақсатында шығу; іссапарлардың жиілігі мен ұзақтығы өндірістік қажеттілікпен айқындалады; • "Қазатомөнеркәсіп "ҰАК" АҚ Корпоративтік орталығымен жоспарлы тапсырмаларды орындау және есептілік мәселелері бойынша өзара іс-қимыл; • өз құзыреті шеңберінде және Тапсырыс берушінің тікелей басшысы мен басшылығының тапсырмасы бойынша өзге де функциялар мен міндеттерді орындау. • «Қыземшек-Таукент талшықты-оптикалық байланыс желісін сақиналау» жобасын тікелей жүргізу: іске асырудың барлық кезеңдерін сүйемелдеу, мердігерлік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, жобаның техникалық және шарттық параметрлерін бақылау; • ЕТҰ объектілеріне тұрақты іссапарларға дайындық;

Білім:

Ақпараттық технологиялар, телекоммуникациялар, автоматтандыру саласындағы немесе аралас салалардағы жоғары техникалық білім;

Дағдылар:

• техникалық құжаттаманы әзірлеу дағдылары (ТТ, ТС, регламенттер, схемалар); • мердігерлік ұйымдармен өзара іс-қимыл және шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылау тәжірибесі;

Қосымша:

• жобаларды басқару саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі; • жобаларды басқару саласындағы кәсіби сертификаттардың міндетті түрде болуы

Білетін тілдер:

• қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру;