"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Қостанай магистральдық желі бөлімшесі" филиалының тарифтік саясат және кірістер бөлімінің жетекші инженері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Вокзал шаруашылығы бойынша өндірістік-шаруашылық қызметті экономикалық жоспарлау және талдау жөніндегі жұмысты жүзеге асырады;
- вокзал шаруашылығы қызметтеріне шарттарды әзірлеуге және келісуге қатысады. Вокзал шаруашылығы бойынша жасалған кіріс шарттарының тізілімін жүргізеді және шарттарды SAP автоматтандырылған жүйесіне енгізеді, орындалған жұмыстардың актілерін (АВР)жасайды;
- вокзал шаруашылығының көрсетілетін қызметтерінен түсетін кірістер бойынша есептер жасайды;
- есептеулер жасайды, вокзал шаруашылығы қызметтеріне тарифтің құрамдас бөлігінің өзіндік құнын, шығыс бөлігін анықтауға материалдар дайындайды;
- вокзал шаруашылығы қызметтерінің нақты өзіндік құны бойынша есептер жасайды;
- бөлімшенің қатысушы бөлімшелерімен бірлесіп кейіннен вокзал шаруашылығы бойынша SAP автоматтандырылған жүйесіне деректерді енгізе отырып жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарының жобаларын қалыптастырады;
- Вокзал шаруашылығы бойынша шығыстар мен кірістер бюджетін қамтитын бюджеттердің жобаларын бөлімшенің қатысушы бөлімдерімен бірлесіп кейіннен деректерді SAP автоматтандырылған жүйесіне енгізе отырып қалыптастырады;
- өз бөлімі бойынша тоқсандық және жылдық есептерді жасауға қатысады, өндірістік-қаржылық қызметтің балансы мен есебіне түсіндірме жазба қалыптастырады;
- вокзал шаруашылығы бойынша коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтері бойынша шығыстарды құрастырады және талдайды;
- РҚО-ға вокзал шаруашылығының жалға берілетін алаңдарынан түсетін кірістер бойынша бастапқы құжаттар пакетін ұсынады;
- МТЖ тарифтік сметасына тізілімдерді қалыптастыруға, МТЖ тізілімдеріне растайтын бастапқы құжаттарды (ЭШФ, АВР, авизо және т.б. көшірмелері) іріктеуге қатысады.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: экономика; Қаржы; Есеп және аудит; менеджмент; еңбекті ұйымдастыру және нормалау; статистика
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр