АСУТП және КИП бойынша аға ауысымдық инженер (ТОО «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»)
«Samruk Business Academy» ЖММ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Функционалдық міндеттері:
- АСУТП-ға жаңадан енгізілетін пайдалануға берілетін жабдық пен бағдарламалық құралдарды қабылдауға және игеруге қатысу;
- Технологиялық қондырғыларда АСУТП-ның РСУ, ПАЗ және басқа да жүйелерін әзірлеуге және жобалауға қатысу;
- АСУТП және КИП бойынша аға инженерлердің жедел басқаруын жүзеге асыру;
- Автоматтандыру саласындағы қызмет атқаратын мердігер ұйымдардың жұмысын бақылауды қамтамасыз ету;
- Өндірісті автоматтандыру құралдарының сенімді және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- Кешенді автоматтандыру құралдарын әзірлеуге және енгізуге қатысу, олар өндірістің техникалық деңгейін арттыруға, еңбек өнімділігінің өсуіне, шығындардың/өзіндік құнның төмендеуіне, өнім сапасы мен бәсекеге қабілеттілігінің артуына, еңбек үшін қолайлы жағдайлар мен оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді;
- АСУТП-ны пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша технологиялық карталарды, бағдарламаларды, еңбек ұйымдастыру жобаларын, стандарттар мен нұсқаулықтарды әзірлеуге және енгізуге қатысу;
- Автоматтандыру объектілерін монтаждау, сынақтан өткізу, баптау және пайдалануға қабылдау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, олардың дұрыс жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;
- Қызметкерлерге жаңа автоматтандыру құралдарын игеруге көмек көрсету;
- Жасалған жұмысы, өз жұмыс жоспарлары, жұмысқа байланысты төтенше жағдайлар туралы тікелей басшысына хабарлау;
- АСУТП құралдарының істен шығуын жоюға немесе олардың орын алуына жол бермеуге арналған іс-шараларды әзірлеу;
- Қосалқы бөлшектер мен жабдыққа арналған өтінімдердің уақытылы жасалуын және SAP жүйесіне енгізілуін қамтамасыз ету;
- Өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қызметтерді сатып алу рәсімін бастау, шарттың талаптарын шарттық міндеттемелер бөлігінде Товариществоның міндеттемелерін уақытылы, дәл және толық көлемде орындау;
- Кәсіби құзыретіне сәйкес қызметтерді орындау үшін техникалық спецификацияны жасау, шарттар жасасу мәселелері бойынша әлеуетті жеткізушілермен келіссөздер жүргізу.
- жоғары білім (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) тиісті мамандық бойынша білім (техникалық) (қалаулысы КИП және АСУТП саласында)
- КИПиА және АСУТП-ға қойылатын техникалық сипаттамалар мен талаптар;
- Апаттық авариялық тоқтату жүйесінің (САО) блокировкаларының параметрлері;
- АСУТП және КИП жабдығы және оның техникалық пайдалану ережелері;
- құрылымдық, функционалдық, принципиалдық және монтаждық сызбалар, басқару, сигнализация, реттеу, қоректендіру, сыртқы сымдар (өткізгіштер) сызбалары;
- автоматтандыру құралдарын жетілдіру саласындағы зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізу әдістері;
- қондырғылардың негізгі технологиялық процестері, оларды қызмет көрсету жұмыстарын орындау кезінде технологиялық процестің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында басқа процестермен өзара байланысы;
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Магистр