«KTZ Express» АҚ Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің талаптар мен сот ісін жүргізу тобының менеджері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Қоғам қызметінде заңдылықтың сақталуын және оның құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етеді;
- Құрылымдық бөлімшелерге талап-арыз жұмыстарын жүргізу мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсетеді;
- Сот, төрелік және құқық қорғау органдарына қажетті материалдарды дайындайды және ұсынады;
- Қазақстан Республикасының сот органдарында, сондай-ақ оның шегінен тыс жерлерде Қоғамның заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асырады;
- Ұрлау, ысырап ету, кем шығу, заңнама талаптарын бұзу және өзге де құқық бұзушылықтар туралы материалдарды тергеу және сот органдарына ұсыну үшін дайындайды;
- Қоғамға келтірілген залалды өтеу бойынша шаралар қабылдайды;
- Қоғам мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
- Мәжбүрлеп өндіріп алуды талап ететін берешектерді анықтау мақсатында дебиторлық берешектің жай-күйі туралы материалдарды қарауға қатысады, үмітсіз берешекті есептен шығару жөніндегі ұсыныстар бойынша қорытындылардың дайындалуын қамтамасыз етеді;
- Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың тексерулерін, ішкі тексерулерді және қызметтік тергеп-тексерулерді жүргізу мәселелерін құқықтық сүйемелдеуді жүзеге асырады;
- Жұмыстың нәтижелерін құрылымдау және бағалау, болашақта кемшіліктерді/бұзушылықтарды жою, сондай-ақ жаңа тәсілдерді әзірлеу мақсатында Департамент жұмысының нәтижелері туралы ақпараттық анықтамалардың, материалдардың және есептердің Қоғам басшылығына, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ға дайындалуын қамтамасыз етеді;
- Құқықтық сипаттағы мәселелерді қамтитын сыртқы бастамалық шығыс құжаттарына құқықтық сараптама жүргізеді және ескертулер мен ұсыныстар береді;
- ҚР заңнамасына және Қоғамның, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның ішкі актілеріне сәйкес Қоғамның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдарына өз құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша қорытындылар дайындау, кеңестерге қатысу, ауызша консультациялар беру, талдамалық материалдар мен анықтамалар дайындау, ҚР заңнамасын талдау және өзге де нысандарда консультациялық-құқықтық көмек көрсетеді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Мамандығы: Құқықтану; Халықаралық құқық; Құқықтану ісі; Құқық қорғау қызметі;
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр